Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

3 жастағы бүлдіршін 3-ші қабаттан құлады

12.05.2020, 17:50 958

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында 9 мамыр күні 3 жастағы бүлдіршін көпқабатты үйдің 3 этажынан құлап, ауруханаға түсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін биіктен құлап, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Оқиға кезінде 3 жастағы баланың ата-анасы үйде болған. Бірақ терезеден құлап кеткенін байқамаған. Қазіргі таңда бүлдіршіннің жағдайы орташа, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды», – деді Руслан Сламбекұлы.

Өз сөзінде, жауапты мамандар жазатайым оқиғалар ересектер болмаған кезде немесе баланың қауіпсіздігіне немқұрайды қараумен болатынын айтты. Сондай-ақ, терезеде москит торларының орналастырмауы да жиі кездесетінін ескертті.

Өткен жылы облыста балалардың терезеден құлау фактісі 7-еу болса, биыл бір жағдай болды.

Құрметті облыс тұрғындары, жазатайым оқиғалардың көпшілігі ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырғанынан болады. Балаңыз терезені өз бетімен аша алмайтындай, арнайы бекіткіштерді терезелерге орнатыңыздар. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті!

Бұған дейін http://halyqline.kz/ сайты төмендегі тақырыпта материал жариялаған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: