Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1414 өткен жылы 30 миллионнан аса қоңырау қабылдаған

30.01.2024, 10:30 441

2023 жылы ішінде 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 30 миллионнан астам қоңырау түскен.

2022 жылмен салыстырғанда қоңыраулар саны шамамен 24%-ға артып, 7 миллионнан астам қоңырауды құрады. Өткен жылы азаматтарды төлқұжат пен жеке куәлік алу, жүргізуші куәлігіне өтініш беру, баланың тууы мен күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға қатысты сұрақтар жиі қойылған.

Айта кетер болсақ, 1414 мемлекеттік қызметтер, eOtinish жүйесі, ХҚКО-лардың қызметі және құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Бұдан өзге, операторлар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмек алу бойынша әлеуметтік-еңбек саласының сұрақтарына да жауап бере алады.

«Өткен жылы бірыңғай байланыс орталығының желісіне 24/7 режимінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қолдау көрсететін робот енгізілді. Ол ХҚКО-ға кезек брондау, құжаттардың дайындығын тексеру, психо және наркологиялық диспансердің анықтамаларын беру сияқты сұранысқа ие сервистерді көрсете алады» дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары.

Сондай-ақ, 2023 жылы роботтың көмегіне 5 миллионнан астам рет жүгінген. Еске салайық, 2021 жылдың сәуір айында 1414 бірыңғай байланыс орталығы Мемлекеттік корпорацияға берілген болатын.

Қазақстанның 7 қаласында орталық кеңселері орналасып, 500-ден астам оператор жұмыс істеуде. Сондай-ақ, биыл 1414 орталығы «Хрусталь гарнитура» халықаралық байқауына қатысып, 444 компания ішінен финалистердің үштігіне кірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: