Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табылған сөз

21.03.2021, 15:00 561

HALYQLINE.KZ Ертеде бір қайрымды саудагер сараң байдан құдық сатып алады. Мақсаты құдық суын кедейлерге садақа қылмақ екен. Ертеңіне суға келсе, құдықтың бұрынғы иесі жолын кес-кестейді.

Арам оймен: «Мен саған құдықты сатқаныммен ішіндегі суын сатқан жоқпын. Су алғың келсе, оның ақшасын төле», – дейді.

Оған саудагер сөзден тосылмай: «Маған құдықтың өзін ғана сатқан болсаң, онда ішінде суыңды қалдыруға хақың жоқ. Судың бəрін алып кет немесе құдығымды жалға алып, ақшасын төле», – дейді.

Сараңның аузына құм құйылып, арам айласы іске аспай қалған екен.
Алла санамызды сергек етіп, əрдайым əдемі тапқырлықтар тарту етсін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: