Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Миыңдағы Қазақстан қандай?

30.08.2020, 16:00 424

HALYQLINE.KZ  Осы уақытқа дейін 4 полиция қызметкерін жұмыстан шығартыппын. Оның үшеуі Тәжікстанда сапарда болғанда, біреуі Алматыда карантин кезінде пара алмақ болғаны үшін қызметінен кетті. Кей таныстарым: «Бәке, абайлаңыз, қорыққаннан бұндайға бармаушы едік», «обал емес пе оларға» дегенді айтады. Мен ол әрекетімді қалыпты деп есептеймін. Себебі мен дамыған, гүлденген Қазақстанда тұрамын, менің миымда супер дамыған елдің образы ғана бар. Ондай елде жемқорлыққа, сауатсыздыққа, демалған соң артыңнан қоқыс қалдыруға орын жоқ.

Алакөлде демалып, кететін күні таңертең отбасымызбен өзіміз жүрген учаскенің қоқысын теріп кеттік. Жағажайда жатқандар қолдарына пакет ұстап, мусор теріп жүрген бізге таңғала қарайды. Ал біз үшін қалыпты тәжірибе, жүрген жерімізді отбасы болып тазалап кетеміз, керісінше жеген тамағының қағазын тастап кетіп бара жатқан, балаларына нашар тәрбие көрсетіп жатқандарға түсінбей қараймын. Менің санамдағы дамыған елде оған орын жоқ.

Егер өзгелерге қосылып, жемқорлықтан, надандықтан түңіліп, ең нашар елде тұрамыз дей берсем, мен де нашар елдің нашар азаматына айналамын. Айналаға бейжай қараймын, көңілім қалады, жек көремін, болашақтан үміт жоқ, апатияға ұшыраймын. Бұған көнуге болмайды.

Бірақ менің санамда өзгелермен бірдей, гүлденген Қазақстан бар және өзімді сол елдің азаматына лайықты ұстаймын. Маған осылай өмір сүру оңай. Дамыған Қазақстанды елестете отырып, соған сай өмір сүремін. Санамда қалай қалыптастырсам, әрекетім де солай болады. Автоматты түрде өзгеремін. Пара бермеу, түнде шу шығармау тәрізді әдеттер қалыптасып кетеді. Еуропа, АҚШ-ты қосқанда 27 елде болыппын. Дамыған елдерді көрдім, Қазақстан олардың арасында жоқ. Біз дамыған ел емеспіз шындығы. Карантинде көп нәрсенің арты ашылып қалды. Оның бәрін қабылдай берсең, жүрегіңе де, жүйкеңе де соққы. Мен өзімді сақтағым келеді, жарқын елде өмір сүргім келеді. Бұл шындықтан қашу, иллюзия қалыптастыру деген сөз емес. Бұл – жақсы өмір сүрудің, жақсы қоғам құрудың бір әдісі.

Көпшілігі қалай қоғамға қалай пайдамды тигіземін деп сұрап жатады. Қарапайым нәрседен бастауға болады. «Самый эффективный метод – самый простой» дейді. Өзіңнен, санаңнан баста. Миыңда дамыған елді елестетіп, сол елдің азаматына сай бол. Оның позитив энергиясы санаға, сенің көзқарасың мен әрекеттерің де әсер етеді. Сонда сен өзгеріс жасайтын, өзгерістерге жетелейтін күшке айналасың.

Миыңдағы Қазақстан қандай?

Бақытжан Бұқарбайдың фейсбуктегі жазбасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: