1. Бір күні тышқан ферма иесінің қораға қақпан қойғанын көріпті. Ол бұл туралы тауыққа, қойға және сиырға айтыпты. Бірақ олар: «Қақпан – біздің бас қатыратын шаруамыз емес, бізге еш қатысы жоқ!» деп немқұрайды қарапты. Бірнеше күннен соң әлгі қақпанға жылан түсіп, шаруаның әйелін шағып алыпты. Әйелін емдеу үшін ферма иесі тауықты сойып, сорпа қайнатып беріпті. Содан кейін қой сойып, әйелінің көңілін сұрауға келгендерге тамақ даярлапты. Ақырында әйелін жерлеуге келгендерге сиырын сойып қонақасы беріпті. «Ешкімге қатысы жоқ» оқиғалардың бәрін тышқан қабырғадағы саңылаудан бақылап тұрыпты.
– Егер әлдененің сізге тікелей қатысы болмаса, міндетті түрде сізді айналып өтеді деп ойламаңыз!
2. Бүркіт ағашта демалып отырыпты. Оның қасына қоян келіп: «Мен де сіз сияқты ештеңе істеместен демалып отырсам бола ма?» деп сұрапты. «Әрине, неге болмасқа?» – депті бүркіт. Қоян да әлгі ағаштың түбіне жайғасып, демалуға кірісіпті. Сәлден соң бір түлкі келіп қоянға тап беріпті де, жеп қойыпты.
– Ештеңе істемей, жай ғана демалу үшін сіздің биік, өте биік жерде отыруыңыз керек!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!