Жиырмасыншы ғасырдың ортасында қазақ халқын сол кездегі жоғары технологиялық деңгейге көтерген үш тұлға болды. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан.
Үшеуі де – «Жас Алаштың» мүшесі.
Кеңес өкіметі үшеуін де жақсы көрмеген, дегенмен, тума талантын, мемлекетке берер нақты пайдасын ескере отырып, олардың өмірін сақтап қана қоймай, творчествосын дамытуға күш салған.
Еліміздің экономикасының тірегі, ірі кеніштердің басым көпшілігін Қаныш Сәтпаев ашып кеткен, қазір сол жерлерде қаншама жүздеген мың адам еңбек етіп, өзінің нәпақасын тауып жатыр, бюджетке қаншама триллиондаған салық құйылып жатыр.
Мұхтар Әуезов бізге, әлемге Абайды сомдап берді.
Әлкей Марғұлан – қазақ тарихы Алтын Орда тарихымен ұштасып жатқандығын, қазақ ұлтының пассионарлық энергиясын Кеңес кезінде дәлелдеп берген тұлға.
Бұл кісілердің дүниеден өткеніне елу жылдан асты.
Бүгінгі күннің Қанышы кім, Мұхтары кім, Әлкейі кім деген сұраққа кім жауап бере алады?
Ерлан САИРОВ,
саясаттанушы.
Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Көрнекі сурет
Менім ше əр тұлға өз сəтімен көрінеді..Ең бастысы ..жогарыда аталган тұлғаларды тапқан халық азымасын..сонда əр ғасырда емес .əр бір онжылдықта ондай ұлдар туады бұл елде