Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олжас Сүлейменов Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

04.02.2026, 11:45 1720

БАЙТАҚ жасылдар партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Руслан Серікұлының бастауымен Олжас Сүлейменовті 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну жөніндегі бастаманы жүзеге асып жатыр.

Осыған байланысты тарих ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қауымдастырылған профессоры Тастанбек Яхьяұлының қатысуымен, арнайы кездесу өтіп, ақынның бейбітшілік жолындағы тарихи миссиясы негізделіп, оны Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастама көтерілді. Кездесу барысында қатысушыларға Олжас Омарұлы Сүлейменовтің қоғамдық қызметі, әсіресе оның «Невада – Семей» қозғалысын құруы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына ықпал еткені және ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыстың қалыптасуына қосқан үлесі кеңінен түсіндірілді.

Жиын қорытындысында бастама толық қолдау тауып, арнайы үндеу-хатқа қол қойылды. Мәліметке сәйкес, құжат Норвегия Нобель комитеті орналасқан Осло қаласына ресми түрде жолданды.

Партия өкілдері бұл қадамды Қазақстан қоғамының бейбітшілікке деген нақты ұстанымы мен ядролық қаруға қарсы азаматтық жауапкершілігін білдіретін маңызды шешім ретінде бағалап отыр.

Сондай-ақ Сәтбай Тастанбек Яхьяұлының ұсыныс хатында Олжас Омарұлының бейбітшілік жолындағы еңбегі ең алдымен шығармашылығынан бастау алатыны атап өтіледі. Хатта ақынның “Жер, адамға табын!” сияқты туындылары ХХ ғасырдың ең ширыққан кезеңдерінде адамзатты татулыққа шақырған үн ретінде бағаланатыны, ал “АЗиЯ” еңбегі тарихи санадағы қатып қалған түсініктерді бұзып, халықтар арасындағы өзара түсіністікке қызмет еткені айтылады. Сондай-ақ автор “Жазу тілі” секілді зерттеулерінде тілдердің түпкі ортақ бастауы мен мәдениеттердің өзара ықпалдасуын бейбіт дамудың кілті ретінде көрсеткенін алға тартады.

Енді бір қырынан, хат мәтінінде Олжас Сүлейменовтің халықаралық қоғамдық қызметі тарихи нәтижемен байланыстырылған. Хатта оның «Невада – Семей» қозғалысын құруы азаматтық қарсылықтың әлемдік үлгісіне айналып, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың тоқтауына ықпал еткен тарихи прецедент ретінде көрсетіледі. Автордың пайымынша, Сүлейменов ядролық қаруға қарсы күресті саяси науқан ретінде емес, адамзаттың болашақ алдындағы моральдық жауапкершілігі ретінде көтеріп келеді, сондықтан оны Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну – жаһандық қарусыздану мен гуманизм идеяларын қолдаудың маңызды белгісі.

Пікірлер:
  • Байтақ партиясының ұсынысын қолдаймын! Профессор Д.Сатпай жасаған Олжас ағамыз туралы түйіндеме өте орынды. Олжас Омарұлы Нобель сыйлығына лайық адам

  • Байтақ партиясы ұсынысын толық қолдаймын. Профессор Т.Сатпай келтірген дәлелдемелер өте орынды. Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына лайық!!!

  • Бүкіл әлемге белгілі болған ақын Олжас Сүлейменов мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін жеткен тарихи тұлға. Текті кісі, тектілігі сонау атақты бабасы Олжабай батырдан келе жатыр. Оны мен өзіне де айтқанмын. Сол кезде маған күліп, қайдан білесің деп қалып еді. Олжас Сүлейменов туралы диссертациясын жазған Сыр бойының белгілі ғалымы, профессор, тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Яхьяұлына алғысымыз шексіз! Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына лайықты тұлға.

  • Профессор Д.Сәтпай келтірген дәлелдемелерді толық қосыламын. Олжас Сүлеймен Нобель сыйлығына лайық тұлға!!!

  • Толыктай келисемин! Профессор Т.Сатбай жасаған тұжырымдама өте орынды.

  • Олжас Сүлейменовтің бейбітшілік жолындағы еңбегін ғылыми тұрғыда негіздеген Тастанбек Яхьяұлының бастамасымен көтерілген бұл ұсынысты қолдаймын.

  • Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына әбден лайық !Дастан ағай ұсынысыңызды қолдаймыз !!!

  • Дастан ағайдың ұсынысына толықтай қосыламын! Өте орынды тұжырымдама👍

  • Тастанбет Яхьяұлының ұсынысы өте орынды. Сізді қолдаймыз👍

  • Тастан ағайдың ұсынысы өте орынды!
    Олжас Омарұлы Нобель сыйлығына лайықты қазақтың біртуар азаматы!

  • This is a truly commendable and timely initiative. Olzhas Suleimenov’s moral courage, visionary leadership, and lifelong commitment to peace and nuclear disarmament deserve the highest international recognition

  • Олжас Омарұлы Сүлейменов — Нобель сыйлығына лайықты тұлға. Оның экологиялық қозғалыстары оң нәтиже беріп, Семей полигоны жабылды. Олжас Омарұлының қоғамдық-саяи қызметін насихаттаушы ұстазымыз Тастан ағайға да шығармашылық табыс тілеймін!

  • Дастан ағайымның БАЙТАҚ жасылдар партиясы Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен Олжас Омарұлы Сүлейменовті 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну жөніндегі мақаласы мазмұны мен идеялық салмағы жағынан өзекті әрі қоғамдық маңызы жоғары еңбек болып табылады. Дастан ағай мақалада аталған бастаманың мәнін ашып қана қоймай, оның тарихи, рухани және адамзаттық негіздерін жан-жақты дәлелдей білген. Мақала қазіргі жаһандық қауіпсіздік пен гуманизм мәселелері тұрғысынан аса өзекті болып, кең оқырман қауымға ой салатын, тәрбиелік және танымдық мәні жоғары дүние ретінде бағаланады.Ағай сізді қолдаймын. Сізге тек шығармашылық табыс тілеймін!

  • Тастанбек Яхьяұлының ұсынысын қолдаймыз. Олжас Омарұлы Нобель сыйлығына лайықты тұлға.

  • Нобель – саясаттың емес, адамзатқа сіңген еңбектің бағасы болуы керек десек бұл тұрғыда Олжас Сүлейменов лайық тұлға. Ағайымыздың ұсынысын толықтай қолдаймыз.

  • Тарих­тың, лингвистиканың, философияның, этно­ло­гияның, әдебиеттанудың, түр­­кологияның жалпы дамуына, жаңа стратегиялар мен перс­пек­тивалардың ашылуына жол ашқан Олжас Сүйлейменовтей тұлға Нобель сыйлығына әбден лайықты деп есептеймін.

  • Менің пікірімше, бұл бастама – өте орынды әрі мазмұнды қадам. Олжас Сүлейменовтің бейбітшілік жолындағы еңбегі, әсіресе «Невада – Семей» қозғалысы арқылы ядролық сынақ полигонын жабуға қосқан тарихи үлесі – тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін аса маңызды. Мұндай тұлғаны Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну әділетті әрі халықаралық деңгейде Қазақстанның бейбіт бастамаларын кеңінен танытуға мүмкіндік береді.
    Сонымен қатар, бұл ұсыныс жастарға үлгі болып, қоғамда бейбітшілік, экология және адамзаттық құндылықтар туралы ойды күшейтеді деп ойлаймын. Осындай игі істер жалғасын тапса, еліміздің әлем алдындағы беделі де арта түсері сөзсіз.

Добавить комментарий для Аружан Боранбай Отменить ответ

Тағы да оқыңыз: