БАЙТАҚ жасылдар партиясы Қызылорда облыстық филиалы Руслан Серікұлыдың бастауымен Олжас Сүлейменовті 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну жөніндегі бастаманы жүзеге асып жатыр.
Осыған байланысты тарих ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қауымдастырылған профессоры Тастанбек Яхьяұлының қатысуымен, арнайы кездесу өтіп, ақынның бейбітшілік жолындағы тарихи миссиясы негізделіп, оны Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастама көтерілді. Кездесу барысында қатысушыларға Олжас Омарұлы Сүлейменовтің қоғамдық қызметі, әсіресе оның «Невада – Семей» қозғалысын құруы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына ықпал еткені және ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыстың қалыптасуына қосқан үлесі кеңінен түсіндірілді.
Жиын қорытындысында бастама толық қолдау тауып, арнайы үндеу-хатқа қол қойылды. Мәліметке сәйкес, құжат Норвегия Нобель комитеті орналасқан Осло қаласына ресми түрде жолданды.
Партия өкілдері бұл қадамды Қазақстан қоғамының бейбітшілікке деген нақты ұстанымы мен ядролық қаруға қарсы азаматтық жауапкершілігін білдіретін маңызды шешім ретінде бағалап отыр.
Сондай-ақ Сәтбай Тастанбек Яхьяұлыдың ұсыныс хатында Олжас Омарұлының бейбітшілік жолындағы еңбегі ең алдымен шығармашылығынан бастау алатыны атап өтіледі. Хатта ақынның “Жер, адамға табын!” сияқты туындылары ХХ ғасырдың ең ширыққан кезеңдерінде адамзатты татулыққа шақырған үн ретінде бағаланатыны, ал “АЗиЯ” еңбегі тарихи санадағы қатып қалған түсініктерді бұзып, халықтар арасындағы өзара түсіністікке қызмет еткені айтылады. Сондай-ақ автор “Жазу тілі” секілді зерттеулерінде тілдердің түпкі ортақ бастауы мен мәдениеттердің өзара ықпалдасуын бейбіт дамудың кілті ретінде көрсеткенін алға тартады.
Енді бір қырынан, хат мәтінінде Олжас Сүлейменовтің халықаралық қоғамдық қызметі тарихи нәтижемен байланыстырылған. Хатта оның «Невада – Семей» қозғалысын құруы азаматтық қарсылықтың әлемдік үлгісіне айналып, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың тоқтауына ықпал еткен тарихи прецедент ретінде көрсетіледі. Автордың пайымынша, Сүлейменов ядролық қаруға қарсы күресті саяси науқан ретінде емес, адамзаттың болашақ алдындағы моральдық жауапкершілігі ретінде көтеріп келеді, сондықтан оны Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну – жаһандық қарусыздану мен гуманизм идеяларын қолдаудың маңызды белгісі.
Байтақ партиясының ұсынысын қолдаймын! Профессор Д.Сатпай жасаған Олжас ағамыз туралы түйіндеме өте орынды. Олжас Омарұлы Нобель сыйлығына лайық адам
Байтақ партиясы ұсынысын толық қолдаймын. Профессор Т.Сатпай келтірген дәлелдемелер өте орынды. Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына лайық!!!