Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық журналист Президентке ұсыныс жасады

25.08.2021, 17:30 428

«Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Әзиз Батырбеков Президентке ұсыныс жасады» деп хабарлайды Halyqline.kz ақпарат агенттігі.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсыныс!

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақ Елі жер көлемі бойынша әлемнің тоғызыншы территориясын алып жатқан мемлекет екені төрткүл дүниеге мәлім. Қазақтың сайын даласы ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның тұяғы талатын Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр атырапты алып жатыр. Ұлы дала төсінде Қытайдан Ресейге дейінгі аралықты жалғайтын «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» атты үлкен автобан бар. Осы тас жолды, күрежолды, батыс пен шығысты, Еуропа мен Азияны байланыстыратын автобанды «Қазақ Елі тас жолы» деп атауды ұсынамын» деп жазды журналист өзінің фейсбук парақшасында.

«Ұсыныс қолдау тапса, елімізге шығыстан кірген де, батыстан енген де көршілер кімнің еліне қадам басқанын бірден түсінер еді. Өзіміз де «Қазақ Елінде» келе жатырмыз» деп қуанышпен, мақтанышпен айтар едік. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын! Қазақ Елі мәңгі жасасын!» деп жалғады сөзін Әзиз Жұмаділдәұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: