Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Популизмді ысырып, елге пайдалы ұсыныс жасайық

16.11.2020, 14:00 413

HALYQLINE.KZ Қандай ұсыныс болсын, оның орынды не орынсыз екенін көрсететін бір ғана сипаттама бар. Ол ұсыныстан не өзгереді? (Қарапайым тілмен айтқанда ол ұсыныстан халыққа, елге, азаматқа, өзіңе не пайда?).

Енді соңғы күндері мені тегтеп көп азамат төлқұжатымда ұлтты өзгертсем, қарсы емес екенін, тіпті «сен өзгертсең рұқсат» деп жазып жатыр. Оған қарсы ойлар да айтылып жүр, орынды деп ойлаймын. Барлықтарыңызға рақмет, біріңізге сенім үшін, басқаларға ашық ойлар үшін.

Осы сәтте барлығымыз бір сұраққа жауап іздейікші: ұлтты төлқұжатта өзгертсек, не өзгереді? Нақты тізіп берсеңіздер. Елде, халықта, қазақ даласын мекендеген әрбір азаматта не өзгеріс болады? Егер мен шатассам айтыңыздар.

Ал, меніңше, өзгеріс болмайды. Қазақ тілін білмейтіндер қазақша сөйлеп кетпейді, жемқорлар жойылып кетпейді, экономика қарқынды дамып кетпейді, теңге бағамы доллармен тең болып кетпейді. Солай ма? Ал олай болса, популизмді ысырып тастап, елге пайдалы ұсыныс жасайық.

Рақмет, орыс болып жүріп туған жерімді құрметтеп жүре берсем рұқсат шығар? Көбіміз Жаратушының берген ұлтымен, патриотизмді шатастырған секілдіміз. Мойнымызға Жаратушының ісін емес, адамның қолынан келетін, елге пайдалы дүниемен айналысайық.

Максим РОЖИН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: