Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төсекте тояттанамын десеңіз…

08.05.2022, 12:00 1707

HALYQLINE.KZ

Еркек өзінің табиғи күшімен әйелін төсекте қанағаттандыра алмай жатса, онда ол залалсыз, мейлінше табиғи жолмен алынған жыныстық қабілетті арттыратын дәрі-дәрмектерді арасын ұзатып барып қолданса болады дейді кей дәрігерлер.

Ең ескерерлігі: бұл дәрі-дәрмектерді тек арнайы маманның кеңесімен ғана қолдану тиіс деп санайды. Жасы ұлғайған еркектің қуаты қайтатыны белгілі, мұндай жағдайда күш-қуатты арттыратын ет, жұмыртқа, жаңғақ, әсел сияқты ақуызға бай, құнарлы тағам түрлерін пайдаланғаны дұрыс.

Ер адамның жыныстық белсенділігін төмендетуге үлес қосатын нәрселер ол – түрлі жыныстық аурулар, есірткінің құлы болу, арақ ішу, темекі тарту, құмар қандыратын жасанды дүниелерді пайдалану. Соның ішінде ең қауіптісі – бел қуатын арттыратын түрлі қоспалары бар дәрі-дәрмектер. Бірақ көбіне оның бір сәттік қана ләззәт сыйлайтынын қаперде ұстана бермейді. Ал уақыт өте келе тарттырар азабы да аз емес.

Десек те, еркектік қуатты қайта қалпына келтіру үшін табиғи дәрумендер, яғни жеміс-жидектерді көп тұтынуға кеңес береді. Желкілдеген жиырма бестен өткен соң, орда бұза алмай омалып, қырықтың қырқасынан да аса алмай қалатындар көп.

Еріңіз әрдайым бабында болу үшін оған табиғи дәрумендер беріп отырыңыз – әсіресе сәбізді көбірек тұтынған жөн екен. Инкубаторлық емес, үй тауығының жұмыртқасын шикілей ішудің де көмегі көп. Ал қазы-қартаның алар орны ерекше екені әмбеге аян.

Кәдімгі грек жаңғағы, таза бал, банан, қырыққабат, алма, шабдалы жеген де пайдалы. Сондай-ақ, бұрындары ата-бабамыз атқа көп мінген, бұның бүкіл тірек қимыл қозғалыс табиғатына қосар үлесі мол. Әрі массаж, әрі ем.

Дәрігерлер неге велосипед тебу керек деп айтады? Бұрынғы жылқы мінген қазақ шайтан арбаны да жатсынбаса керек. Белден төменгінің бәрі де қимыл қозғалыста болатындықтан, мұны мықты массаж десе де болады.

«Еркектік белсенділікті арттырады» деген жарқыраған жарнамаға да сене берудің қажеті жоқ. Ең бастысы, кездейсоқ кездесулерден бойды аулақ салып, қуатты арттыратын дәрілерді үнемі пайдаланудан сақ болу қажет. Бастысы – спорт.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: