Бүгін – «Халық» газетінің туған күні
…Бұл «Жас Алаштың» даңқы аспандап тұрған кезі еді. Әр нөмірін жібермей оқимыз. Осылай да жазуға болады екен-ау деп таңғаламыз, тамсанамыз. Нұртөре Жүсіп бастаған ұжым бір күні сау етіп Қызылордаға келе қалды. Біз олармен, олар бізбен танысты. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың бас корпусындағы кездесуді де тамашаладық. «Халық» газетімізді ұсындық. Сөйтіп, өзіміз Құдайдай көретін жасалаштықтар «Мына газет Қызылордадан шыға ма?!» деп таңғалып, мерейімізді өсіріп тастады.
Редакциядан қарапайым халық үзілмейтін. Күніне қаншама адам келіп-кетіп жатады, мәселелерін айтады, мұң-мұқтажын жеткізеді. Алыстағы ағайын хат жазады. Осылайша «Халықпен» етене бола жүріп, студент кезден-ақ журналиске халық сенетінін көзбен көріп, көңілмен сезіп өстік.
Журналист, «Халық» газетінің түлегі
Айжан Абдуллаеваның естелігінен үзінді
Мақаланың толық нұсқасы:
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!