* Норвегия үкіметі «Лофотен аралдарындағы мұнай скважиналарынан мұнай өндірмейміз, сөйтіп аралдың экологиясын таза ұстаймыз» деп шешім шығарды. Бұл аралдағы мұнай қорының құны 53 000 000 000 доллар деп бағаланады.
* Римде метроға билеттің орнына пластикалық бөтелкелерді тапсыруға болады. Осы әдіспен 350 000 бөтелке жиналды. (суретте)
* Малави елінің тарихында тұңғыш рет ел парламентінің спикері болып әйел сайланды. Эстер Чилендже кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға үйленгендердің некесін заңсыз деп шешім қабылдап, қыздардың барлығын мектепке оқуға қайтарды.
* Швецияда қан тапсырғандардың қаны адамдарға көмектескен жағдайда барлық қан тапсырушылар телефон (СМС) арқылы әрқашан алғыс хат алады.
* Құрып бара жатқан жануарлар түрін қорғайтын заң шыққалы бері (Endangered Species Act) теңіз тасбақалары 980%-ға өскен.
* Тайланд супермаркеттері пластикалық пакеттерден бас тартып, оның орнына сатылатын заттарды банан жапырақтарымен орап беруге көшті.
* Голландия елі қаңғыбас иттері жоқ алғашқы елге айналды.
* Кәрі адамдардың алжасу ауруын болдырмаудың алдын алу және жалғыздықпен күресу мақсатында Оңтүстік Кореяда 65 жастан жоғарыларға арналған би кештерін ұйымдастыру қолға алынды.
* Калифорнияда ит, мысық, кроликтерді дүкенде сатуға шектеу қойыла бастады. Адамдар енді оларды арнайы жануарлар үйінен алатын болады.
* Күріш өсірумен айналысатын әлемдегі фермерлер пестицидтердің орнына күріш алқаптарына үйректерді жіберу әдісін қолдана бастады. Үйректер күріш алқаптарындағы құрт-құмырсқаны және арам шөптерді жейді, күрішке тимейді екен.
* Канада арнайы заң шығарып, касатка мен дельфиндерді ойын-сауық пен думанды индустрияда пайдалануға тыйым салды.
* Голландия елі жүздеген автобус аялдамасының төбесіне бал араларына арнап гүлдер мен өсімдіктерді егумен айналыса бастады.
* Исландия мемлекеті әлемде бірінші болып ерлер мен әйелдердің жалақылары тең болсын деген заң шығарды.
* Неміс елінің цирктері енді бұдан былай тірі жан-жануарларды циркте қолданудан бас тартып отыр. Жан-жануарлардың орнына олардың голограммалары пайдаланылатын болды.
* LarvalBot деп аталатын сүңгуір робот Үлкен Барьер деп аталатын Рифтің түп табанына микроскопиялық кораллдарды егіп жатыр. Мақсаты – осы аймақтағы экологиялық жүйені бұрынғы қалпына келтіру.
* Өз өміріне қол салушылардың санын азайту мақсатында Швеция әлемде бірінші болып жүйке ауруына қарсы жедел жәрдемді ұйымдастырды.
* Бес жастағы баланың өмірін сақтап қалу мақсатында 4855 адам бірнеше сағат бойы жауынның астында тұрып өзек (ствол) ағза клеткасын анализге тапсыруға кезекке тұрды.
* Индияның деревняларында әрбір жаңа туған қыз балаға 111 ағаш егу дәстүрін бастады. Осы әдіспен қазірдің өзінде 350 000 ағаш отырғызылды.
* Құныс киттерді аулауға тыйым салғаннан бері олардың алғашқы саны бірнеше жүз болса, қазір 25000-ға жетті.
* Нидерланды арнайы түрде бес жасанды арал жасап, оларда тек ғана құстар мен өсімдіктер өсетін етті. Екі жылдан соң бұл аралдарда енді 30 мың құс мекендейді және өсімдіктің 127 түрі өседі.
* NASA жер серіктерінің түсірген суреттері бойынша жер бетінде өсімдіктер осыдан 20 жыл бұрынмен салыстырғанда көбейіп келеді екен. 1994 жылмен салыстырғанда өз өміріне қол салушылар 38 пайызға азайыпты. Нәтижесінде 4 миллионға жуық адам аман қалыпты.
Әлеуметтік желіден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!