Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаһандағы жағымды жаңалықтар

27.03.2020, 9:55 366

* Норвегия үкіметі «Лофотен аралдарындағы мұнай скважина­ларынан мұнай өндірмейміз, сөйтіп аралдың экологиясын таза ұстаймыз» деп шешім шығарды. Бұл аралдағы мұнай қорының құны 53 000 000 000 доллар  деп  бағаланады.

* Римде метроға билеттің орнына пластикалық бөтелкелерді тапсыруға болады. Осы әдіспен 350 000 бөтелке жиналды.  (суретте)

* Малави елінің тарихында тұң­ғыш рет ел парламентінің спикері болып­ әйел сайланды. Эстер Чилендже кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға үйленгендердің некесін заңсыз деп шешім қабылдап, қыздардың барлығын мектепке оқуға қайтарды.

* Швецияда қан тапсырғандардың қаны адамдарға көмектескен жағдайда барлық қан тапсырушылар телефон (СМС) арқылы әрқашан алғы­с  хат  алады.

* Құрып бара жатқан жануарлар түрін қорғайтын заң шыққалы бері (Endangered Species Act) теңіз тасбақалары 980%-ға өскен.

* Тайланд супермаркеттері пластикалық пакеттерден бас тартып, оның орнына сатылатын заттарды банан жапырақтарымен орап беруге көшті.

* Голландия елі қаңғыбас иттері жоқ алғашқы елге айналды.

* Кәрі адамдардың алжасу ауруын болдырмаудың алдын алу және жалғыздықпен күресу мақсатында Оңтүстік Кореяда 65 жастан жоға­рыларға арналған би кештерін ұйымдастыру қолға алынды.

* Калифорнияда ит, мысық, кроликтерді дүкенде сатуға шектеу қойыла­ бастады. Адамдар енді оларды арнайы жануарлар үйінен алатын болады.

* Күріш өсірумен айналысатын әлемдегі фермерлер пестицидтердің орнына күріш алқаптарына үйректерді жіберу әдісін қолдана бастады. Үйректер күріш алқаптарындағы құрт-құмырсқаны және арам шөп­терді жейді, күрішке тимейді екен.

* Канада арнайы заң шығарып, касатка мен дельфиндерді ойын-сауық пен думанды индустрияда пайдалануға тыйым салды.

* Голландия елі жүздеген автобус  аялдамасының төбесіне бал арала­рына арнап гүлдер мен өсімдіктерді егумен  айналыса  бастады.

* Исландия мемлекеті әлемде бірінші болып ерлер мен әйелдердің жалақылары тең болсын деген заң шығарды.

* Неміс елінің цирктері енді бұдан былай тірі жан-жануарларды циркте қолданудан бас тартып отыр. Жан-жануарлардың орнына олардың гологра­ммалары пайдаланылатын болды.

* LarvalBot деп аталатын сүңгуір робот Үлкен Барьер деп аталатын Рифтің түп табанына микроскопиялық кораллдарды егіп жатыр. Мақсаты – осы аймақтағы экологиялық жүйені бұрынғы қалпына келтіру.

* Өз өміріне қол салушылардың санын­ азайту мақсатында Швеция әлемде бірінші болып жүйке ауруына қарсы жедел жәрдемді ұйымдас­тырды.

* Бес жастағы баланың өмірін сақтап қалу мақсатында 4855 адам бірнеше сағат бойы жауынның астында тұрып өзек (ствол) ағза клеткасын анализге тапсыруға кезекке тұрды.

* Индияның деревняларында әрбір жаңа туған қыз балаға 111 ағаш егу дәстүрін бастады. Осы әдіспен қазірдің өзінде 350 000 ағаш отырғызылды.

* Құныс киттерді аулауға тыйым салғаннан бері олардың алғашқы саны бірнеше жүз болса, қазір 25000-ға жетті.

* Нидерланды арнайы түрде бес жасанды  арал  жасап, оларда  тек  ғана құстар  мен  өсімдіктер  өсетін  етті.  Екі  жылдан  соң  бұл аралдарда енді 30 мың құс мекендейді және өсім­діктің 127  түрі  өседі.

* NASA жер серіктерінің түсірген суреттері бойынша жер бетінде өсімдіктер осыдан 20 жыл бұрынмен салыстырғанда көбейіп келеді екен. 1994 жылмен салыстырғанда өз өміріне қол салушылар 38 пайызға азайыпты. Нәтижесінде 4 миллионға жуық адам аман қалыпты.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: