Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық университет Өзбекстанның жетекші оқу орнымен байланысты нығайтуда

28.03.2023, 16:10 176


HALYQLINE.KZ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Өзбекстанның жетекші университеттерімен меморандумға қол қойды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеттің проректоры Майнұр Бөрібаева хабарлады.

– Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизацияландыру инженерлері институты» Ұлттық ғылыми-зерттеу университетімен қос дипломды мамандарды даярлау бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісім мен іс-шаралар жоспары жасалды. Алдағы уақытта қос университет 7 білім беру бағдарламасы бойынша білім береді. Бұған қоса, Ташкент мемлекеттік экономика университеті жанындағы Профессор-оқытушылар құрамын қайта даярлау және біліктілігін арттыру салалық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, осы орталықтың базасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті өкілдігін ашу туралы келісім жасалды. Мұнан өзге, әлемнің 30-дан астам тілінде тілдік лингвистикалық оқытуды қамтамасыз ететін Самарқанд мемлекеттік шет тілдер институтымен SamSIFL ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сапар барысымен барған қызылордалық делегация Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетіне де барып, бірлескен білім беру бағдарламаларын құру мүмкіндіктері туралы келісімге қол жеткізілді, – деді Майнұр Әбілтайқызы.

Брифингте университеттің Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Нұржан Еділбаев университет өкілдері Орталық Азиядағы ең ірі технопарк қызметімен танысып, білім алушыларды тәжірибеден өткізу, қызметкерлердің білікітілігін арттыру және т.б бағыттар бойынша өзара жұмыс жүргізу жөнінде келісімге келгенін атап өтті.

Айта кету керек, өткен оқу жылында шетелдегі қазақ жастарына арнап 10 білім грант бөлінсе, биыл 100-ге жуық білім гранты тағайындалмақ. Осылайша, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Өзбекстан Республикасындағы университеттер мен ұйымдардың инфрақұрылымымен, ғылым мен инновациядағы жетістіктермен, университеттердің академиялық саясатының ерекшеліктерімен танысып, шетелдік мықты университеттермен байланысты нығайта түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: