Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласында ҰБТ басталды

26.06.2020, 10:25 1028

HALYQLINE.KZ  Бүгін Қызылорда қаласында ұлттық тест басталды. Білім сынағының бесінші күнінде Жалағаш, Жаңақорған, Сырдария аудандарының мектеп оқушылары тестке кірді.

Қызылорда қаласында екі бірдей тестілеу пунктінде сынақ ұйымдастырылды. Санитариялық ережеге сай әрбір түлек дезинфекциялық туннелдерден өтіп, бетпердемен және арнайы тескерістен өткізілді.

Тыйым салынған заттарды анықтау барысында Қызылорда қаласынан 4 түлек ұялы телефон алып келуіне орай тестке қатысу құқығынан шеттетілді. Ал, аудандарда тестілеуден шығарылған түлектер тіркелмеді. Айта кету керек, бүгінгі білім сынағына Қызылорда қаласы бойынша 469 оқушы тестілеу сынағына кірді. 9 оқушы өз еркімен тестілеуге қатыспады. 469 оқушының 87-сі – Сырдария ауданының оқушылары.

Ұлттық тестілеу барысында басқарма басшысы Ақзира Қасымова түлектерге сәттілік тілеп, білім сынағы кезінде тыйым салынған заттарды алып келмеу керектігін, талапқа бағыну қажеттігін қаперге салды.

Еске салайық, әзірге ұлттық тестілеу сынағында ең жоғары 130 ұпай Шиелі ауданында тіркеліп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: