Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Монографияның таныстырылымы өтті

05.10.2023, 15:20 502

HALYQLINE.KZ

Өткен жылы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы орталықтарда 3 ынталы ғылыми жоба жұмысы аяқталған болатын. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ілгерілету мақсатында барлық аяқталған жобалар нәтижелері монографиялар түрінде жазыла бастады. Нәтижесінде «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологиясын қолдану ерекшеліктері» ынталы жобасы аясында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ойын технологияларын қолдану» монографиясы жарыққа шықты. Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінің қабырғасында таныстырылымы өтті.

Таныстырылым барысында монография авторлары, «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық орталығының мүшелері, ғылым магистрлері Н.Түнғатова, Т.Байдос, Ф.Шакен және Г.Баймағанбетова жарияланған еңбектің ерекшеліктерімен таныстырды. 2 тараудан тұратын монографияда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ойын технологияларын қолданудың теориялық негіздері, мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын ойын әрекетінде зерттеу мәселелері қарастырылған. Таныстырылымға қатысқан профессор-оқытушылар құрамы семинарлар, тренингтер, бейнеойын бағдарламаларын қарау және талдау, ойындарды әзірлеу және өткізу, рөлдік және іскерлік ойындар секілді оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлі тәсілдері көрсетілген еңбек білім алушылар үшін қажетті деген қорытындыға келді. Айта кетерлік жайт, аталмыш монография Ұлттық зияткерлік меншік институтында авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлігін иеленген.

Таныстырылымды «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Насимов жүргізді.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: