Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Молодой ученый» журналының жаңа нөмірі жарыққа шықты

12.02.2021, 9:30 548

HALYQLINE.KZ Қызылорда «Болашақ» университеті «Қазіргі ғылым және инновациялар» атты VІІ Халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Молодой ученый» журналының жаңа арнайы нөмірін жарыққа шығарды. Жаңа нөмір «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

Аталмыш нөмірде филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Еңсегенұлының «Қазақ жеріндегі түркі руна жазба ескерткіштерінің сипаты», филология ғылымдарының кандидаты Т.С.Медетбаевтың «Музыканың үлкен кітабындағы» әл-Фарабидің өнер теориясын құру әдістері», саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө.Насимовтың «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар)», заң ғылымдарының кандидаты Г.И.Арғынбекованың «Құқықтық мәдениет түрлеріне талдау» секілді ғылыми мақалалары жарық көрді.

Сонымен қатар, бұл нөмірде университет студенттері мен магистранттарының ғылыми тезистері жарияланды. Әсіресе, «Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту» пәні аясында жазылған «Педагогика және психология» мамандығының студенті А.Тулеубайдың «Елдің болашағы – білімнің салтанат құруында», «Дефектология» мамандығының студенті А.Мұратқызының «Отанға деген құрмет, сыйластық тәрбиелі ұрпақты қалыптастырады» тақырыбындағы тезистерін ерекше айта аламыз.

Жаңа арнайы шығарылымда әдеттегідей университеттің ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыбы шеңберіндегі зерттеулер нәтижелері жарияланып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарыққа шықты.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: