Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Болашақ» түлегі екі оқу-әдістемелік құралын шығарды

06.10.2021, 10:15 2107

HALYQLINE.KZ Қызылорда «Болашақ» университетін «Тарих» мамандығы бойынша 2016 жылы бітірген түлегі Дәулет Есеновтың «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» 5-11-сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік құралдары бүгінде ҰБТ тапсырушыларға көп көмегін беріп жүр. Қос оқу-әдістемелік құралы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Әлем тарихы» кафедрасының педагогикалық кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған. «Қазақстан тарихы» құралы К.Байгараевамен бірлескен еңбек болса, «Дүниежүзі тарихы» А.Тлепбергеновамен бірлесіп жазылған.

«Қазақстан тарихы» оқу-әдістемелік құралы 5 тараудан тұрады: алғашқы адамның пайда болуынан VI ғасырға дейінгі Қазақстан тарихы; орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (VI-XVII ғғ.); XVIII ғасырдан – 1914 жылға дейінгі Қазақстан тарихы; ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазіргі заман тарихы және Орталық Азия және Ұлы дала өркениеттері. «Дүниежүзі тарихы»данегізгі 5 бөлімнен тұрады: Ежелгі дүние тарихы; Орта ғасырлар тарихы; Жаңа заман тарихы; қазіргі заман тарихы және 10-11-сынып дүниежүзі тарихы.

Оқу құралдары әдістемелік негіздемелерге сүйене отырып, жүйелік талдау, бақылау ұстанымдарын басшылыққа алады. Келтірілген әрбір тарихи оқиғаның бастауы, сипаты мен барысы, себеп-салдары, тарихи маңызы жеке талданып, нақты мәліметтер сызба-кесте түрінде көрсетілген. Тағы бір ерекшелігі – әр тақырыпшадан кейін QR-код көмегімен тест тапсырмаларын орындап, тақырыпты меңгергенін тексере алады. Түлегіміз жарыққа шығарған оқу құралдары алдағы уақытта мектеп мұғалімдері мен оқушыларға үлкен көмек береді деп ойлаймыз.

Қоғамдық пәндер, тарих және география кафедрасы

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: