Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада кене шаққан бір адам қайтыс болды

25.04.2024, 14:45 211

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Жыл сайын эпидемиологиялық маусымда аурудың алдын алу, залалсыздандыру жұмыстары күшейтіледі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Брифинг барысында жауапты сала мамандары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, қолға алынған негізгі жұмыстарды баяндады.

– Былтырғы 2023 жылы алғашқы диагнозбен КҚГҚ-ның 13 жағдайы тіркелді, оның 1 жағдайы (шілде айында) клиникалық және зертханалық расталды. Тексеру қорытындысы негізінде науқастың фазендада жеке шаруашылықтағы ауылшаруашылық мал бастарын бағуға барғандығы және кене шағумен байланыстыратындығы анықталды. Науқас сауықты. Дегенмен, биыл медициналық көмекке кеш жүгінген қолайсыз аймақ тұрғыны көрсетілген арнайы ем-домға қарамастан 18 сәуір күні қайтыс болды. Бұдан бөлек, ошақта және медициналық қызмет көрсеткен шамалы қауіпті байланыста болған 2 адам аймақтық емхана дәрігерлерімен медициналық бақылануда, – деді Қызылорда қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Жамбылқызы.

ҚКГҚ ауруының бастапқы кезеңінің белгілерін ықтимал анықтау мақсатында аумақтық медициналық ұйымға жүгінген адамдардың денсаулық жағдайына кене шаққанннан кейін 14 күннің ішінде мониторингтеу жүргізілуде. Ағымды жылдың эпидемиялық мерзімі басталғалы бері қалада кенеден зардап шегіп, медициналық көмекке 54 адам қаралған.

Қолайсыз аймақтардың санитариялық-қорғаныш белдеулерінде, буферлік аймақтарды құру және ауыл шаруашылығы мал бастары мен олардың қора-жайларында көктемгі кенеге қарсы дезинсекция жұмыстарының 1-кезеңі 11-24 сәуір аралығында өтсе, 2-кезеңі 12-24 мамыр аралығында жүргізіледі.

– Қала бойынша КҚГҚ табиғи ошағында кенелерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары көктемгі эпидмаусымда 625 гектар жер көлемінде жүргізілді. Бұл кенеге қарсы өңдеу жұмыстары орталықтың бригадасымен «Дельтаметрин» және «Фаворит» дезпрепараттарымен жүргізілді, – деді ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Фарида Ыдырысқызы.

Айта кету керек, инфекцияны жұқтыру көп жағдайда кене шағумен, мал күтімімен, ауылшаруашылық жануарларын союмен, науқасқа күтім жасаумен байланысты болады. Сондықтан далалық аймақтарда жүргенде барынша сақтанған абзал. Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды алдын ала кенеге қарсы егіп, мал қорада кенеге қарсы улау жұмыстарын жүргізу керек және мал күтімімен айналысу барысында бөлек арнайы киім пайдалану қажет.

– Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті немесе науқас анықталысымен облыс көлемінде қарастырылған 237 инфекциялық төсекке оқшауландырылып, шұғыл індетке қарсы іс-шаралар жүргізіледі, – деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Әділбай Қаниұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: