Жүкті келіншек перзентханаға сырқаттанып түскен. Тексеру барысында оның дене температурасы 38,1 градусқа көтерілгендігі анықталған. Жүкті әйелден алынған тесттің нәтижесі оның коронавирус жұқтырғанын айғақтаған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Босану процесі қалыпты жағдайда өткен. Аман-есен жарық өмірге келген шақалақтың салмағы 2970 грамм, бойы – 51 сантиметр. Жағдайы бірқалыпты. Анасынан қауіпті дерттің анықталуына байланысты нәрестеден де сынама алынды.
Келіншекті кезекші бригада қорғаныс киімімен босандырған. Қауіпсіздік шараларына байланысты олар 2 аптаға үй карантиніне жіберілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!