Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мейіргердің кәсіптік қызметіндегі қарым-қатынас

14.04.2025, 9:15 137

           

Мейіргер ісі Қазақстан Республикасында көптеген онжылдықтардың ішінде қалыптасқан практикасы көп жағдайда пациенттермен, әріптестер мен дәрігерлермен қарым-қатынас дағдылары мен терең білімді талап етпейтін қандай да бір емшараларды орындаумен байланысты болды. Олардың шеңберінде орта буын медицина қызметкерлерінің  функцияларының кеңеюі жүріп жатқан, денсаулық сақтаудағы заманауи реформалар науқас адаммен тиімді қарым-қатынас жасау шеберлігін олардың табысты қызметінің қажетті шарты. Бұл пациенттерде орын алған проблемалар туралы ақпаратты, сондай-ақ бұл проблемаларды объективті бағалаумен, оларды белсенді талқылаумен емдеу-диагностикалық процестің бір бөлігіне, ынтымақтастық іс-әрекетке айналдыруды көздейтініне байланысты, оның мақсаты – халық санасында денсаулық үшін күресте жеке жауапкершілікті қалыптастыру.

Емдеу алдын алу мекемесіне медициналық көмек алу үшін келген науқас мейіргерге өз денсаулығының проблемалары туралы әңгімелеуге (барлық егжей-тегжейлерімен) тиіс, ал мейіргер оны тыңдай білуге, түсінуге және бастапқы психологиялық диагнозды қалыптастыра отырып, дұрыс қорытындылар жасауға тиіс.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас – күнделікті өмірдің маңызды құрамдасы. Оның деңгейі мен бағытталғандығына қарамастан, медициналық қызметкерлердің жұмысындағы қарым-қатынас, – сапалы кәсіптік қызмет үшін қажетті аса маңызды шеберліктердің бірі.

 Емдеу рәсімдері мен іс-әрекеттерін техникалық жағынан сауатты орындаумен қатар, мейіргердің іс ретінде адам келушілермен немесе психологиялық және физикалық қиындықтарды, басыңқылықты, үрейді, кейде агрессияшылдықты да басынан өткізетін адам-пациентпен қарым-қатынас жасайды.

Тиімді қарым-қатынас кезінде іске асырылатын психотерапевтикалық әсер етудің маңызы медицина бастауларынан бастап жақсы таныс, оның нәтижесі емдеумен әсер етудің басқа әдістерінен айтарлықтай көп жағдайда асып түсіп жатады. Пациенттерде диагностика мен емдеу процесінде медициналық қызметкермен қарым-қатынастың әртүрлі қажеттіліктері жиі туындайды: кеңестің, жұбатудың, қолдаудың, түсініксіз мәселе бойынша кеңес беру қажет болуы немесе жай ғана, адамгершілікпен, қуаныштарын, алаңдаушылықтарын немесе уайымдауларын бөлісу қажеттігі пайда болуы мүмкін.

Маңызды! Медициналық мейіргерінің коммуникативтік дайындығының деңгейі, оның эмпатияға дайындығы – оның емдеу-диагностикалық процестегі өз міндетін орындауға дайындығы мен кәсіптік кәмелеттілігінің көрсеткіші. Қарым-қатынас дағдыларын меңгеру мейіргерге  пациенттің өзінде ғана емес, сондай-ақ оның отбасында да сенімге; емдеу процесіне қатысатын дәрігерлермен және басқа мамандармен сындарды өзара әрекеттестікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мейіргерлік іс философиясы орта буын медициналық қызметкерлерінің қызметінің негізгі қағидаты әрбір нақты адамның өміріне бұл сөздің кең мағынасындағы құрмет, сондай-ақ қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеу болып табылатындығын үйретеді. Адаммен қарым-қатынас жасау үшін бәрінен бұрын, оны көре білу мен түсінуге үйрену қажет. Табысты қарым-қатынас үшін әңгімелесушінің мәнділігіне, оның құндылығына, бірегейлігіне сенім, мейірім мен өз іс-әрекеттерін басқару қабілеттілігіне және бұған деген құқық талап етіледі.

Мейіргер ісі мамандарының тарапынан қамқоршыл өзара қатынастарды жауапкершілікпен қалыптастырусыз ақылға сыймайды. «Пациент сөзі әрқашанда дұрыс!» девизінде емдеу мекемесі үшін терең мағыналық жүктеме бар (пациент – бұл науқас адам, ол көп жағдайларда  ағымдағы оқиғаларды объективті бағалай алмайды), өйткені тіпті оныкі дұрыс болмаған кезде де, бұл онымен пікірталас және дәл сол сәтте онымен ақиқатты іздестіру үшін сылтау емес.

Шыдамдылық пен эмпатия – күрделеніп кеткен коммуникативтік жағдайларды  шешуге бастайтын жол. Гиппократ бұдан XXVI  ғасыр бұрын: «Егер адамға деген сүйіспеншілік бар болса, онда өнерге де сүйіспеншілік бар. Өз ауруының қауіптілігі туралы білетін кейбір пациенттер денсаулықтарын тек өз дәрігеріне қанағаттануының арқасында ғана қалпына келтіре алады», – деп жазды.

Парацельс бұл дана идеяны қолдай отырып, дәрігердің негізгі қасиеттерінің бірі түйсік деп есептеді, ол пациентті, оның денесі мен оның ауруын түсіну үшін қажет. «Дәрігер жанасу өнерін меңгеруі және сезіне білуі тиіс, бұл оған пациент симпатиясын жеңіп алуға мүмкіндік береді».

Бұл қағидаттардың бәрі өз маңызын бірінші орынға медициналық диагностика, емдеу мен медициналық ғылымның техникалық әдістері мен тәсілдері шыққанын бүгінге дейін жоғалтқан жоқ.

Мейіргер ісіндегі қарым-қатынас техникасы.

Коммуникацияларды зерттеушілер қарым-қатынастың мынадай деңгейлерін бөліп көрсетеді:

  • жеке тұлғаішілік – өзімен-өзі қарым-қатынас, бұл кезде жоспарлар жасалады, идеялар пайда болады, қарым-қатынасқа дайындық жүреді және т.б.;
  • тұлға аралық – екі және одан көп адамның арасында;
  • қоғамдық – адамның аудиториямен қарым-қатынасы.

Қарым-қатынастың бірыңғай процесінде үш жақ бөлінген:

  • коммуникативті (бұл ақпарат беру);
  • интербелсенді (қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі);
  • перцептивті (бір-бірін өзара қабылдау – перцептивті қарым-қатынастың аса маңызды элементі).

Бірлескен қызметін білдіретін қарым-қатынасқа кірісе отырып, адам басқа адамдармен бірігуі (егер оңды нәтижені иеленгісі келсе, мәжбүр болады) байланыс орнатуы, өзара түсіністікке қол жеткізуі, пайдалы ақпарат алуға тырысуы және ақпаратты хабарлауы тиіс және т.б. – бұл атап айтқанда, коммуникация (бірінші текті қарым-қатынас) болып табылады.

«Қарым-қатынасты құрылымдай отырып» (аспап сияқты), адам ол арқылы өзін, өз ойларын, өз ерекшеліктерін, басқа адамдарға (коммуникация бойынша әріптестерге) өз дербестігін «хабарлайды». Құрылымдалған «қарым-қатынас» – бұл бір жағынан, қызмет нысаны, екінші жағынан – оның көмегімен адам өзін қоғамдық өмірде бекітетін құрал.

Сұхбат. Диададағы қарым-қатынас

Егер қарым-қатынас жалпы түсінікте өзара түсінісуді қалыптастыратын ақпарат алмастыру мен өзара әрекеттестікті қамтитын процесс болса, онда диададағы қарым-қатынас бұл құрамдастардың бәрін сұхбат арқылы қарым-қатынастың екі әріптесіне қолданылуын қарастырады.

Сұхбат құрылымы. Сұхбат өзіне мынаны қамтиды:

  • қарым-қатынасқа нұсқауды;
  • өзіндік қарым-қатынасты (оның мазмұны және айтылғанға қатынасы);
  • қарым – қатынастағылардың бір-біріне көзқарастарының қалыптасуын;
  • оқиғаға қатысушылардың айтылған тақырыптарға пікірін қалыптастыруға бағытталған жауап реакциясын.

Диададағы қарым-қатынастың тағы да бір мүмкін нұсқасы – жеке тұлғалық-бағдарланған нұсқа. Жеке тұлғалық-бағдарланған қарым-қатынас интимдік сипаттағы қажеттіліктерден (жабық есіктің артындағы әңгімелесу) өрбиді. Мұндай қарым-қатынас өмір сүруге құқылы, өйткені пациенттерде жабық талқылауды талап ететін проблемалардың пайда болуы мүмкін.

Топ ішілік қарым-қатынас

Орта буын медициналық қызметкері пациент ауруының бүкіл кезеңі бойы онымен тікелей қатынаста болады, сондықтан мейіргер, кез келген науқасқа оңды да, жағымсыз да әсер етуі мүмкін. Медициналық  қызметкерлерінің  міндетінің қарапайым екендігі түсінікті – науқастарға жағымсыз психологиялық әсер етулерден барынша қашқақтау және сауығу процесіне қолайлы әсер ететін психологиялық ахуал жасауға барынша жағдай жасау.

Мейіргер  мен науқастар табысты қарым-қатынас үшін оған мыналар тән болуы тиіс:

  • эмпатия;
  • акцептация (науқасты сөзсіз қабылдау);
  • аутентистілік, немесе өзіндік конгруэнттілік (мінез-құлықтың табиғилығы, сезімдер мен оларды білдірудің келісілгендігі, шынайылығы).

Науқаспен қарым-қатынас процесінің ерекшеліктері қандай? Ол неден басталады? Қалай өтеді және немен аяқталады?

Бұл барлық медициналық қызметкерлерді толғандыратын мәселелер тізбесі (ең үлкені емес). Қарым-қатынас өзара әрекеттестіктің арақашықтығын таңдап алудан басталады, ол пациент үшін жайлы және қауіпсіз болуы тиіс.

Бұл таңдауға мыналар әсер етеді:

  • белгілі бір мәдениетке тиістілік;
  • әлеуметтік мәртебе;
  • психологиялық нұсқаулар;
  • қарым-қатынасқа қатысушылардың жасы;
  • психологиялық шиеленістің бар-жоқтығы.

Стационарлық емдеу жағдайларына қарым-қатынастың үш кезеңі:

  1. бағдарлану;
  2. өрістетілген кезең (емдеу процесінде ынтымақтастықтың орын алуы мүмкін);
  3. науқаста қорғалғандықты жоғалту сезімімен байланысты шығару.

Бірінші кезеңде (бағдарлану) пациент пен мейіргерінің танысу болып табылады. Пациент бастапқы кезеңде ауруханалық жағдайдың ерекшелігін назарға ала отырып, өзін қоршаған тұлғалармен қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр болады. Ол қабылданған ережелермен санасуға мәжбүр болады. Өз кезегінде мейіргермен дәрігер пациенттің мінез-құлқы, оның мінезінің ерекшеліктері, күйзелістері, мақсаттары туралы түсінік алады, бұл бұдан кейінгі жұмыс үшін өте маңызды болмақ.

Екінші (өрістетілген) кезеңде олардың бір-бірімен таныс екендігінің негізінде «пациент – медициналық қызметкер» қатынастарының дамуы жүреді, және де олардың бұдан кейінгі қатынастары өзара әрекеттестіктің қалыптасқан деңгейіне байланысты болады. Ауруханаға жатқызу кезеңінде пациенттің жай-күйі, оның көңіл-күйі ауруды емдеудің салдарынан болатын өзгерістерді (үрейдің, сенімсіздіктің, жан қинайтын қиялдардың, кірпияздылықтың, немесе керісінше, сабырлылықтың, сенімнің пайда болуы және т.б.) көп байланысты болады. Нақ осы кезеңде пациентке қолдау жасау маңызды, өйткені денсаулық жай-күйіндегі оңды өзгерістер, медициналық қызметкерлеріне сенімді қатынастар мен факторлар науқас санасына болашаққа деген сенім сезімін  сауығуға деген үмітті әкеледі.

Қорытынды кезеңде (науқасты шығару кезінде) ол жерде пациент қауіпсіздіктен қорғалған емдеу мекемесінен кетуге тура келетін кезде, бұл қол үзу мазасыздықты туындатады, алаңдаушылық жай-күй пайда болады. Сенімсіздік жай-күй қауіптенуді тереңдете түседі: ол кәдімгі өмірге, жұмысқа қалай қосылуы, отбасына қалай орала алады? Медициналық қызметкерлерге науқасты ауруханадан шығаруға ертерек дайындау, іс-әрекеттерінің нұсқаларын ой елегінен өткізуге көмектесу маңызды.

Мейіргердің міндеті науқастың туыстары мен жақындарын ауруханадан шығарылатын адамға қолдау жасауға психологиялық жағынан және үйде қандай да бір жағдайда не істеу керектігіне дайындау болып табылады.

Пайдалынған әдебиеті тізімі:

  1. Харди и. науқастармен жұмыс психологиясы. Будапешт (Венгрия): Киадо Академиясы, 1981. 286 б.
  2. Данилов Д.с. медицинадағы сәйкестік және оны оңтайландыру әдістері (клиникалық, психологиялық және психотерапиялық аспектілер) // Медицина. Санкт-Петербург., 2010. 142 б.
  3. Левковская Е. Н. қарым-қатынас, оның негізгі түрлері мен функциялары. Қиын жағдайларда медицина қызметкерінің қарым-қатынас психологиясы: медициналық колледж студенттеріне арналған дәріс курсы. Санкт-Петербург., 2007.
  4. В. Ф. Огарков, м. ғ. к., ҚММУ Психология және коммуникативтік дағдылар негіздері кафедрасының доценті, Қарағанды қаласы

Ғалия Топжарғанова,  

«Көп бейінді облыстық ауруханасы» ЖШК КМК

қабылдау бөлімінің мейіргері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: