Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дәрігер» атауын заңмен қорғау ұсынылды

30.09.2026, 15:50 49

«Дәрігер» және «врач» атаулары заңмен қорғалуы керек. «Әділет» партиясы фракциясының депутаты Дана Медеуова бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жолдаған депутаттық сауалында осындай ұсыныс айтты.

Депутаттың пікірінше, дәрігер атауы адамның медициналық білімі, расталған біліктілігі және кәсіби қызметпен айналысу құқығы бар екенін білдіруге тиіс. Осы талаптарды заң деңгейінде бекіту қажет.

«“Дәрігер” заңмен қорғалуы тиіс. Бұл атаудың артында медициналық білім, расталған біліктілік және кәсіби қызметпен айналысу құқығы тұруы керек», — деді Дана Медеуова.

Ол медицина мамандарының қауіпсіздігі мен кәсіби шешімдерін құқықтық қорғау мәселесін де көтерді. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда дәрігердің жедел әрі дербес әрекет етуіне мүмкіндік беретін нақты өкілеттіктер қажет екенін атап өтті.

Осы мәселелерді шешу үшін депутат «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасына бастамашылық ететінін мәлімдеді.

Фото: Ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: