Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталған азамат анасына жыр жолдарын жазды

08.09.2023, 15:20 180

Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат отбасы күнін мерекелеу аясында анасына өлең шумақтарын жазып, сағынышын білдірді.

Анама

Самал жел Ақтөбе жақтан есті ме екен?

Ойлансам ой салады, ескі мекен.

Ақтөбе Жаппас елі жайлаған жер,

Есіне адамдардың түсті ме екен?

Ендеше мен айтайын көңіл-сырды,

Аралап өмір-өзен, қыр-өңірді.

Назгүлдің баласы, Асқар әкем,

Арнайын жан-анама өлең жырды.

Тәжен, Мұрат, Нұрбектей жүйрік мініп,

Алдына адам шықпас аң аулауда.

«Бесік құда» болыпты уәделесіп,

Қызығы таусылмаған бір жайлауда.

Бойжеткен Назгүл анам сыланады,

Інжу белдік беліне қыналады.

Асқар Мұраттың баласында,

Туысқанның алдында сыналады.

Ай мен Күн сұлулыққа таласады,

Қос ғашық бір-біріне жарасады.

Назгүл, Асқарға ұзатылып,

Ұлан-асыр той болып тарасады.

Назгүл келін болды назыменен,

Сыңсу айтқан, аққу-қаз сазыменен

Жас даурен балалығын артқа тастап,

Қауышты өмірінің, балыменен.

Дүниеге ұл-қыз келді мәпелеген,

Ана деп, ардақ тұтып әкелеген.

Күйеуінен айырылған анамды көрдім,

Балаларын өсіріп, жетелеген.

Қимады ма, әкемді қиналды ма?

Кете барды, ол-дағы жиналды да.

Қол ұстасып өмірге аттанып еді,

О дүниеде бір болды иманы да.

Салт-дәстүрін қазақтың жаттап өткен,

Назгүлдей анамды мақтан етем.

«Шәй» деспеген әкемнің тірісінде,

Қасиетіңді мен қалай аттап өтем?!

 Авторы: №68 тергеу мекемесінің  жазасын өтеп жатқан

                  Н есімді азамат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: