Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарты бар үйдің қазынасы бар

09.06.2023, 14:28 763

Бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылыққа бас иген қазақ қашаннан үлкенді сыйлауда жаңылмаған. Аузы дуалы ақсақалы бар ел жастарының қашанда жөнсіздік пен жолсыздыққа бой ұрмасы хақ.

Бала кезден әрбір отбасы ең бастысы тәрбиеге ден қойғанын оның ішінде кішіпейілділік, үлкенге құрмет деген секілді қасиеттерді бала кішкентайынан бойына сіңіріп өскенін қалайды. Қазақ арасында осындай: «атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мәнді мақал да бекер айтылмаған. Бұл сөздің төркіні – мәңгілік адам болмайды. Барлығымыз қартаямыз. Сол үшін жас азамат кезімізде үлкенді қадірлей білсек, оларға көмек бере білсек, уақыты келгенде сол жақсылық өзімізге келуі мүмкін. Сондықтан мейлінше кішіпейіл болуымыз өзімізге жақсы екенін аңғарған жөн. Және әрбір адам жеке тұлға болғаннан кейін еліне сыйлы болғанын, құрметтегенін қалайды. Айтарым, ең алдымен өзіміз сыйлы болғымыз келсе, айналадағыларды құрметтей білуіміз қажет.

Қарттарымыздың әрбір сөзі біз үшін құнды. Олардың ақ баталарының арқасында кез-келген жерлерде жолымыз болуы да ғажап емес. Яғни ата-әжелеріміз қашан да өз балаларының,немерелерінің аман жүргенін, табысты, еңсесі биік болуын әрқашан дұға етіп, тілеп жүреді. Олардың әрбір берген баталарын,ақылдарын ескере білген, тыңдай білген азамат жаман болмайтыны сөзсіз. 

Ақсақалды аталарымыз ,ақжаулықты әжелеріміз қасымызда болған кезде, оларды қадірлей білуіміз қажет. Қазақ отбасында ата мен әженің орны ерекше десек те болады. Қазақта «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп текке айтылмаған. Еліміздегі барша қарттарымызды қолдан келгенше қадірлеп, құрмет көрсету әрбір азаматтың борышы деп білемін.

Нұрилаәсем ТҰРМАХАНОВА

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 3 курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: