Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отбасылық эстафета жүйрігі анықталды

19.10.2022, 17:20 673

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте 7-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Зияткер және дені сау отбасы» атты жанұялық сайыс өтті.

Көңілді эстафетаға жас зияткерлер, әкесі мен анасынан құралған бес команда қатысты. Алғашқы сөз алған мектеп директорының орынбасары Қалман Бейімбетов шараның мақсатына тоқталып, алдағы ойында барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Командалалар түрлі эстафеталық кезеңдерде бақ сынасты. Шаңырақ жанкүйерлерінің қолдаулары командалардың күш-жігерін арттырып, берілген тапсырмаларды шапшаң орындауға септігін тигізді. Жарыс нәтижесі бойынша  3-ші орынды «Айша бибі»  шаңырағынан 7 «D» сынып командасы иеленсе, 2-ші орынды «Бұқарбай батыр» шаңығынан 7 «Е» сыныбы жеңіп алды. Барлығынан жүйрік шыққан «Самұрық» шаңырағының зияткерлері мен ата-аналары жеңіс тұғырынан көрінді.  Барлық жеңімпаз командалар медальдар мен кубоктарға ие болды.

– Мектебімізде ата-аналармен жұмысты жандандыру және тығыз байланыс орнату бағытында көптеген шаралар өткізіліп тұрады. Солардың бірі әрі ата-аналар арасында жоғары қызығушылыққа ие – спорттық сайыстар. Отбасылық эстафеталардың салауатты өмір салтын насихаттауда, сыныптар арасында достық  қарым-қатынасты және байланысты нығайтуда үлесі зор, – дейді жоба координаторы Бағдат Абилов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: