Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Өнегелі отбасы» анықталды

28.10.2020, 16:30 782

HALYQLINE.KZ Отбасы – шағын мемлекет. Осы шағын қауымның бірлік-берекесін сақтап, құндылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі – Қызылжарма ауылдық округінің отбасылары арасында өткізілген «Өнегелі отбасы» онлайн байқауы.

Отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған байқауда 13 отбасы бақ сынасты. Қатысушылар байқау шарттары бойынша онлайн түрде «Таныстыру» мен «Отбасы құндылығы» кезеңдерінде берік, бақытты, өнегелі, үздік отбасы үлгісін насихаттады.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды отбасылық дәстүр мен жәдігер, отбасының рухани – адамгершілік құндылықтары, ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері және т.б критерийлері бойынша бағалап, анықтады.

Нәтижесімен байқауда І орын екі отбасыға беріліп, Мәуленқұловтар мен Жарқынбековтер отбасы марапатталды. Ал, ІІ орын – Дідебаевтар отбасы, ІІІ орын Кенжебековтер отбасы мен Шердәулетовтер отбасына бұйырды. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, байқау қалалық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы «Қоғамдағы отбасы мәртебесі мен ата-ана тәрбиесін арттыру бағытындағы» әлеуметтік қызметі аясында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: