Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық мерейлі отбасылар аудан мерейін асқақтатты

22.08.2026, 23:40 34

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласындағы «Құзыреттілік орталығында» «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңін қорытындылауға арналған салтанатты іс-шара өтіп, оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері және байқауға қатысушы отбасылар қатысты.

Аталған конкурстың облыстық кезеңінде ауданымыздың мерейін асырған Құтмамбетовтер мен Жұмағалиевтер отбасылары жүлделі орындарға ие болды.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Құтмамбетовтер отбасы Бас жүлдені жеңіп алып, аталған конкурстың республикалық кезеңіне жолдама алса, Жұмағалиевтер отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясына лайық деп танылды.

Құтмамбетовтер отбасы — 8 бала, 30 немере, 45 шөбере сүйіп отырған мәуелі әулет. Отағасы Құтмамбетов Хангене ұзақ жылдар есепші мамандығы бойынша еңбек етіп, бүгінде сала ардагері атанып отыр. Жұбайы Нұрдаулетова Үрімжан – бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ардақты ана.

Ал, Жұмағалиевтер отбасы — 5 бала, 14 немере, 3 шөбере тәрбиелеп отырған өнегелі әулет. Отағасы Жұмағалиев Жаңаталап –б саналы ғұмырын білім саласына арнап, талай шәкіртке тәлім-тәрбие берген ардақты ұстаз. Жұбайы Роза Жүсіпқызы – тұрмыстық қызмет көрсету саласында тігінші болып еңбек етіп, отбасының берекесін арттырған аяулы ана.

Аралдың мерейін облыс көлемінде асқақтатқан Құтмамбетовтер және Жұмағалиевтер отбасын марапаттарымен құттықтай отырып, шаңырақтарына бақ-береке, отбасыларына амандық тілейміз!

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: