Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақта әкелер форумы өтті

14.11.2022, 15:00 74

HALYQLINE.KZ Студенттер сарайында «Аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен және «Qazaqstan jastary» қоғамдық қорының ұйымдастырумен «Мақтау сөзге лайық жан – өзің ғана, әке!» тақырыбында әкелер форумы өтті. Форумның мақсаты – заманауи қоғамдағы, отбасындағы әкенің рөлі мен маңызын насихаттау, дәріптеу.

Форумға әр салада қызмет атқаратын, шаңырақтың негізгі тірегі болып табылатын әкелер қатысты. Олардың арасында қалалық «Мерейлі отбасы-2022» байқауының жүлдегері, «Шиелі ауданының Құрметті азаматы» Таңрақбаев Жүзбай Ибрагимұлы, «Мерейлі отбасы» байқауының екі дүркін жүлдегері, 6 баланың әкесі Байұлов Ғани Бекқожаұлы, қалалық мәслихаттың депутаты Телеубаев Талғат, кәсіпкер, көп балалы әке Жалғасов Данабек Серікұлы, жас әке Ербозым Орынбасар Жарасқанұлы бар.

Әкелер форумына жас ұрпақ өкілдері – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары, жалпы ниет білдіруші жастар қатысты. Форум соңында қонақтарға алғыс хат табысталды.

Әкенің мінез – құлқы, болмысы, өзгелермен қарым – қатынасы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екендігін ескерсек, форумның бүгінгі жастарға келтірер пайдасы күмән тудырмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: