Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкем айтқан қағида (2-бөлім)

23.05.2021, 12:00 1226

HALYQLINE.KZ 

21. Үй ішінен үй тікпе. Бауырыңмен тату бол!

22. Өтірік айтпа. Өтірікпен алға баспайсың.

23. Барлық адамның ақыл дәрежесі бірдей болмайды. Себебі, ақылды адам кіммен қалай сөйлесуді біледі.

24. Құран оқылған үйде береке көп болады. Құран оқып ата-бабаларға жиі дұға бағышта.

25. Бүгінгі ісіңді ертеңге қалдыра берсең, жүгің ауырлайды. Жұмысты уақытында бітірген жөн.

26. Кісінің қателігін жұрттың көзінше бетіне баспай, оңашада айт. Есті адам қателігін тез түсінеді.

27. Араз адамды татуластырсаң сауапты іс жасағаның. Өз ара татуластыққа ештеңе жетпейді.

28. Күн шықпай тұр. Таңғы нәсіп тәңірден. Артық ұйқы нәсібіңнен құр қалдырады.

29. Ісіңе адал, бір сөзді бол!

30. Құдайды жиі есіңе ал! Қиналсаң жәрдем сұра, жетістігіңе шүкір ет. Адамның бергені таусылса да, Құдайдың берері таусылмасын.

31. Дүниенің тұтқасын ұстап тұрғандай шіренбе. Дүниеге кірпіш боп қалануға ұмтыл.

32. Уәдеде тұрмаған адамда иман болмайды. Уәде берсең орында, иманыңды сақта!

33. Кісімсіп, кеуде көтеруден сақтан. Құдай аспандаған пендесін ұнатпайды.

34. Науқастың көңілін сұрауды ұмытпа. Денің сау кезіңде денсаулықтың қадірін біл.

35. Дүниенің байлығын уысыңда ұстап тұра алмайсың. Иман байлығын жинай біл!

36. Ұйқымен көп уақытыңды бос өткізбе. Мәңгілік ұйқыға кетер күн де келер.

37. Көршіңмен тату бол. Өзің тоқ болып, көршің аш отырмасын.

38. Бастаған ісіңді орта жолдан тастама.

39. Кешірімді бол. Құдай кешіріп тұрғанда, сен оның алдында кімсің?

40. Дүниенің түбі тым келте.

Бірінші бөлім

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: