Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкем айтқан қағида

22.05.2021, 17:00 745

HALYQLINE.KZ 

1. Мейірімді болыңдар! Құдай мейірімді адамдарды сүйеді.

2. Кісіге қылдай қиянат жасама!

3. Ешкімге, ешқашан зияныңды тигізбе!

4. Қайырлы ас ішкің келсе, бір жапырақ наныңды маңдай теріңмен тап!

5. Перзенті жоқ адамнан ақша сұрама. Ол ақшасын әлдилеп жүр ғой.

6. Ешнәрсені ысырап етпеңдер.

7. Ағайынмен қарым-қатынасыңды үзбе.

8. Қолыңдағы барыңды жұртпен бөлісіп жүр. Құдай сені аш қалдырмайды.

9. Еңбектің көзін тауып әрекет ете біл!

10. Артық дүние жинама. Бәрінің сұрауы болады.

11. Жесір мен жетімді ая, ақысын жеме, оларға қайырымдылық жаса.

12. Салған үйің де, алған дүниең де саған қызмет етсін. Дүние жинап, бетіне қарап отырма.

13. Үйіңе қандай қонақ келсе де, жақсы күтіп, шығарып сал. Қонақты ренжітпе. Қай қонақта құт барын Құдай ғана біледі!

14. Садақа бер. Бәле-жаланың бетін қайтаратын да, қателігіңді жуып шаятын да сол садақа.

15. Қанағаттан артық байлық болмайды. Қанағатшыл бол.

16. Құдайдың құдіретінде шек жоқ. Құдайдың рахымынан құр қалсаң, жаныңа тыныштық таба алмайсың.

17. Сабыр – адамның ұлы қорғаны. Ашуың келсе қорғаныңа арқа сүйе!

18. Ойланып сөйле. Маңызы, түйнегі жоқ сөз кісіні мезі етеді.

19. Қарыз аманат. Қарыз алсаң ұмытпай жазып қой, және тезірек құтылуға тырыс. Адам ажалы қашан келетінін білмейді.

20. Дін де, саясат та өткір қылыш сияқты. Абайлап ұстамасаң қолыңды кесесің, жараланасың. Дін ұстануда саясатқа жоламай, ата-бабаның жолымен жүрген абзал.

Жалғасы бар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: