Ел аузынан
Арқа жақтан оңтүстікке келе жатқан бір топ жолаушы екінді уақытында бір ауылға жақындап, құдықтан су алып жатқан жас келінге:
— Мынау қай ауыл, біздер алыстан келе жатқан жолаушы едік, «екіндіде ел тастама» деген, қонып, ат шалдырып, тынығып жүрейік, — дейді.
— Бұл ауыл батыр адамның ауылы, – деп жауап қайтарады.
— Батыр атаңыз кім болады? Біз жөн біліп барайық, айтыңызшы.
Келін атасының атың атай алмайтынын айтып, әдеп сақтайды. Бірақ жолаушылар:
— Бұл жерде ешкім жоқ қой, атаңыздың атын айта беріңіз, — деп қоймайды.
Сонда иінағашқа ілінген шелек толы суды иығына іліп жатып, келін атасын жолаушыларға былай таныстырыпты:
Сұрайсыздар қоймай,
Атамның аты дардай,
Өзге адамда жоқтай,
Тек атамда бардай!
Сөйтсе бұл ауыл «Айман-Шолпан» қиссасынан барша қазаққа белгілі Көтібар батыр Бесенұлының ауылы екен.
Бақытжан Абдуллаұлы,
тарихшы
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!