Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Келіннің тапқырлығы

20.03.2021, 11:00 936

HALYQLINE.KZ

Ел  аузынан

Арқа жақтан оңтүстікке келе жатқан бір топ жолаушы екінді уақытында бір ауылға жақындап, құдықтан су алып жатқан жас келінге:

– Мынау қай ауыл, біздер алыстан келе жатқан жолаушы едік, «екіндіде ел тастама» деген, қонып, ат шалдырып, тынығып жүрейік, – дейді.

– Бұл ауыл батыр адамның ауылы, – деп жауап қайтарады.

– Батыр атаңыз кім болады? Біз жөн біліп барайық, айтыңызшы.

Келін атасының атың атай алмайтынын айтып, әдеп сақтайды. Бірақ жолаушылар:

– Бұл жерде ешкім жоқ қой, атаңыздың атын айта беріңіз, – деп қоймайды.

Сонда иінағашқа ілінген шелек толы суды иығына іліп жатып, келін атасын жолаушыларға былай таныстырыпты:

Сұрайсыздар қоймай,

Атамның аты дардай,

Өзге адамда жоқтай,

Тек атамда бардай!

Сөйтсе бұл ауыл «Айман-Шолпан» қиссасынан барша қазаққа белгілі Көтібар батыр Бесенұлының ауылы екен.

Бақытжан Абдуллаұлы,

тарихшы

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: