«Қазгидромет» 2 ақпанға Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысында жел күшейеді, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Маңғыстау облысында түнде көктайғақ болып, тұман түседі. Ақтауда да түнде көктайғақ пен тұман күтіледі.
Атырау облысында түнде көктайғақ болып, кей жерлерде тұман түседі. Атырауда да кей уақытта тұман күтіледі.
Жамбыл облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасын болып, көктайғақ түседі. Кей жерде тұман болады. Таулы аймақтарда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Таразда кей уақытта тұман күтіледі.
Ұлытау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жезқазғанда да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысында тұман мен көктайғақ болады. Қарағандыда да тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысында облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, ал батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауады, көктайғақ түсіп, тұман болады. Таулы аймақтарда және облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қостанай облысында тұман күтіледі. Қостанайда да тұман болады.
Ақтөбе облысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, тұман түседі. Оралда да көктайғақ пен тұман күтіледі.
Павлодар облысында облыстың батысы мен оңтүстігінде қар жауып, боран соғады, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қызылорда облысында көктайғақ болып, тұман түседі. Қызылордада да кей уақытта көктайғақ пен тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Петропавлда тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!