Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқоңыр құрметіне жаңа естелік монеталар таныстырылды

18.02.2026, 16:20 37

Шорт-трек пен Байқоңыр құрметіне жаңа естелік монеталар таныстырылды. Монеталар банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» және «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар тұлғалар» сериясынан «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монетасы күмістен дайындалған, сынамасы – 925.

Массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм.
Дайындау сапасы – proof.
Номиналы – 1000 теңге.
Таралымы – 2000 дана.
Монета қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін шорт-трек спортына арналған.

«БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» монетасы толықтай танталдан дайындалған. Аверсінде ультракүлгін сәуледе көрінетін жасырын бейнелерді қолдану технологиясы пайдаланылған.

Массасы – 100 грамм, диаметрі – 50 мм.
Дайындау сапасы – proof.
Номиналы – 2000 теңге.
Таралымы – 500 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Фото: Ұлттық банк

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: