Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі рейстердің кешігуі туралы ақпаратпен бөлісті, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылған.
«Құрметті жолаушылар! 2025 жылғы 21 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 8:33-тен 10:33-ке дейін Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылады. Ұшу-қону жолағын қардан тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежай аумағында 10 арнайы техника жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жоспарланған 70 рейстің 6-ы кешіктіріліп, күтілетін 68 рейстің 14-і де кешігуде. Барлық кешігулер ауа райы жағдайы мен аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты.
Жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайты www.nn-airport.kz арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан: 8 (7172) 702-999 біле алады.
«Осы жағдайға түсіністікпен қарауды және жаңартуларды бақылауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!