Қызылорда облысы бойынша 2025 жылы өрт қауіпі бар маусымы наурыз айының 26 наурызына басталып, қараша айының 20 жұлдызында аяқталды. Осы аралықта, облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы көлемі 434.87 га құрайтын 20 орман өрті тіркелген. Оның 124,6 га орманды жерлер (орман көмкерген-124,6 га), 310,2 га ормансыз алқаптар. Өрт салдарынан орман қорына 845,7 мың теңге залал келген. Оның 221,2 мың теңгесі өндірілген
Анықталған орман өрттерідің 7 жағдайында жергілікті тұрғындар кінәсінен және 13 жағдайында белгісіз себептерден орын алғандығы анықталған.
Өрт оқиғалары Жалағаш орман мекемесінде 3 жағдай (2,8 га), Қызылорда орман мекемесінде – 5 жағдай (37,1 га – 321,9 мың теңге), Шиелі орман мекемесінде 3 жағдай (8,3 га – 141,3 мың теңге), Жанақорған орман мекемесінде 2 жағдай (1,4 га – 41,7 мың теңге), Қазалы орман мекемесінде 6 жағдай (337,3 га – 62,4 мың теңге) және Арал орман мекемесінде 1 жағдай (48 га – 28,1 мың теңге) болған.
Өрт маусымы басталғалы анықталған 20 өрт оқиғасының, 7 жағдайында кінәлі тұлғалар анықталып, келтірілген 334 000 теңге шығындар өндірілген, қалған 13 жағдай бойынша жинақталған құжаттар ішкі істер органдарына жолданған.
Орын алған 20 өрт оқиғасының 3 жағдайында өрт зардаптары тіркелмей, жасырылғаны, атап айтқанда, «Қазақстан Ғарыш сапарыҰК» АҚ геопорталының мәліметі бойынша Инспекция қызметкерлерімен 1 өрт оқиғасы анықталды.
Осы аталған өрт оқиғалары бойынша осы аумақтарға бекітілген орманшы-инспекторлар орын алған өрттерді дер кезінде хабарламаған, өрттерді жою бойынша шаралар қабылдамаған.
Осыған байланысты ормандарда өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарын бұзғаны үшін, орман мекемелерінің 9 лауазымды тұлғасына ҚР ӘҚБтК-інің 367-бабы 1-бөлігімен әкімшілік 176 940 теңге айыппұлдар салынып, толығымен өндірілген.
Өрттердің 3 жағдайында мемлекеттік орман қорына іргелес аумақтардан таралған өрттер әсерінен болған.
2025 жылғы 28 қараша күні төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы Алгоритмін түсіндіру бойынша, орман және табиғат қорғау мекемелерінің басшылық құрамына, өрт қызметі, сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу және оны сөндірумен байланысты мамандарға оқыту жиналыс өткізілді.
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!