Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ата-аналарға ескерту жарияланды

14.03.2025, 5:45 76

Сәбидің ойыны қауіпті жағдайға әкелді. Қостанай қаласындағы көппәтерлі үйлердің бірінде құтқарушылар көмегін қажет еткен оқиға орын алды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес.

Тұрғын үйде 2021 жылы туған кішкентай қыз ойнап жүріп, басын баспалдақ таяқшаларының арасына қыстырып алып, өз бетінше шыға алмай қалды. Анасы оны босатуға тырысқанымен, нәтиже шықпаған соң құтқарушыларға жүгінген. Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел жетіп, жоғары қысымды гидравликалық құралдың көмегімен металл таяқшаларды абайлап ажыратып, қызды босатты.

Бала зардап шеккен жоқ, оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Осы орайда, құтқарушылар ата-аналарға кішкентай балаларға ерекше назар аудару қажеттігін ескертеді, өйткені қарапайым заттардың өзі қауіп төндіруі мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: