Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бүгінгі Түркістанға риза емеспін» – Құлбек Ергөбек

06.03.2025, 9:40 81

HALYQLINE.KZ

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында жақында мәртебе берілген Түркістан қаласының кескін-келбетіне көңілі толмайтынын, тарихи мұраларға әкімдердің немқұрайды қарағанын айтты.

«Бүгінгі Түркістанға риза емеспін. Ресейдің ескісі – Санкт-Петербург, Түркияның ескісі – Стамбул. Осы сияқты айта беруге болады. Ескі қаланы облыс орталығына айналдыра ма, әлде арнайы мәртебе бере ме, оны жаңадан салуға болмайды. Бұл, біріншіден, өз көзқарасым, екінші – тарихтан оқығаным, үшінші – Өзбекәлі Жәнібековтің айтқаны осы. Түркістан сияқты қаланы реставрация арқылы салуға болады. Ал біз Астананы қалай салдық, Түркістанды да солай «эстрадный» ғып салдық», – деді жазушы-ғалым.

Сұхбат барысында Құлбек Ергөбек Түркістан қаласының көне нақышы бұзылғанын, тарихи-мәдени ескерткіштеріне қиянат жасалып жатқанын мысалдармен дәлелдеп өтті. Сонымен бірге ЮНЕСКО-мен қорғалатын аумақтарға сауық-сайран құратын нысандар салынғанына қынжылды. Тіпті, Болат Назарбаевтың туыстарына да жер беріліп кеткенін тілге тиек етті.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: