Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ердаулет Баянбайұлы Жаукеевтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Брифинг барысында өңірдің тәртіп сақшыларымен қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылған нәтижелі шаралар туралы кеңінен айтылды.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы профилактикалық жұмыстар нәтижесінде құқы бұзушылықтар 6 пайызға төмендесе, бөтен мүлікті ұрлау 27,7%,мал ұрлығы 68%, алаяқтық 1%,бұзақылық қылмыстарының тіркелуі 9,9%, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 9,8%,көшеде 4,1%,жасөспірімдермен 14,3%және қарумен жасалған қылмыстар 41,7 пайызға азайды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болуда. Жыл басынан жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болған адамдардың саны 15,6 пайызға төмендегенімен, жол апаттары 39,1 пайызға, одан жарақат алғандар41,6 пайызға өскен. Талдау барысында жол-көлік оқиғаларының өсуінің басты себебінің бірі жол қозғалысына қатысушылардың жеке басының мәдениетсіздігі болды. Жол-көлік оқиғасы өсуінің тағы бір себебі «Қызылорда-Ақтөбе» (566 км) бағытында тәулігіне 9 мың автокөлік жүріп өтетінреспубликалық маңызы бар тасжолы 2-ші категориялы болса, соңғы бес жылда тіркелген көлік құралдарының санының өсуі де болып отыр.
Жол апаттылығының алдын алу бағытында республикалық маңызы бар тасжолдың қауіпті аймақтарына түннің қараңғы уақытында жүргізушілердің назарын аудару мақсатында 6 дана жарқылдауық маяктар, 9 жерге «Әкетай, асықпа», «Құрметті жүргізуші! Жылдамдықты шамадан тыс асырма» мәтініндепанолар, 7 жерге бейнекамералардың және 10 дана қызметтік автокөлік макеттерінің муляждары орнатылса, 7 аудан тұсына 2 данадан жылдамдықты автоматты түрде тіркейтін өлшегіш құралдарын орнату жоспарлануда.
Есепті мерзімде жол ережелерін бұзудың 163 мың 795 дерегі анықталса, оның 72 мыңға жуығы – жол апатына тікелей әсер ететін өрескел құқықбұзушылық. Жол қауіпсіздігі саласында 1 млрд 870 млн 982 мың теңге айыппұл салынып, оның 1 млрд 626 млн 891 мыңы немесе 87 пайызы өндірілді.
Бүгінгі күні республикалық маңызы бар тасжолда үй жануарларының қатысуымен 99 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 2 адам қаза болып, 14 адам әртүрлі дене жарақатын алған.
Полиция департаментінің штаты бойынша облыс көлемінде 262 учаскелік инспекторы мен олардың 56 көмекшісі бар. Олармен қоғамдық тәртіп пен қылмыстардың алдын алу бағытында «Есептегі адам», «Тұрмыс», «Есептегі элемент», «Квадрат», «Көрші бақылауы», «Учаске», «Зорлық-зомбылықсыз қоғам», «Пробация», «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары және «Аула ішінде қабылдау» акциясы өткізіліп келеді.
Нәтижесінде «мүлдем төзбеушілік қағидатын» қалыптастыру мақсатында азаматтардың құқықтық сана-сезіміне селкеу түсіретін және қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін есепті мерзімде барлығы 27294 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар көрілді. Оның ішінде ұсақ бұзақылық 715, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу 5700, тыныштық бұзу 3312, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау3177, белгіленген уақыттан кейін алкоголь өнімдерін сатудың 114 дерегі анықталды.
Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 14,3 пайызға төмендеген. Алдын алу бағытында тұрақты түрде «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық іс-шаралары және «Абайлаңыз, балалар!» акциялары өткізілсе, күнделікті «Түнгі қала», «Квадрат» рейдтері жүргізілуде және бүгіннен бастап қараша айының 2-сі аралығында «Демалыс» профилактикалық іс-шарасы басталды. Профилактикалық іс-шараларды күшейту нәтижесінде 8212 құқықбұзушылық анықталып, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 249 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Түнгі уақытта (сағат 22:00-ден кейін) заңды өкілінсіз ойын-сауық және тұрғынжайдан тыс (сағат 23:00-ден кейін) жүрген 5996 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Міндеттерін орындамаған 555 ата-анаға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 149 кәсіпкер, оларға темекі бұйымдарын сатқан 14 дүкен иесіне әкімшілік хаттамалар ресімделді. 187 жасөспірім және 119 міндеттерін орындамаған ата-ана полицияның есебіне алынды. Есепті мерзімде 72 жасөспіріммен мопед, скутерлерді басқарғандары анықталып, олардың ата-аналарына қатысты Әкімшілік кодекстің 620-бабымен (жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын талаптарды бұзу) әкімшілік хаттамалар ресімделген.
Бұл бағытта білім басқармасымен бірлесіп, барлық білім беру орталықтарында «Қозғалыстың жас инспекторлары» жасағын құрып, (45 мектепте 10 оқушы құралған), олармен оқушылар арасында жол қозғалысы ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!