Ертең – Ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы күні. Бұл күндер – ұлағатты ұстаздардың сан жылғы еңбегінің жемісін көрер шақ. Шәкірт пен ата-ана үшін үлкен толғанысты сәт.
Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 30, 20 оқушылары 100 балдан жоғары жинаған мектептер бойынша аралық ақпарат берген болатынбыз. Ал тестілеудің соңғы күндерінің нәтижесімен жүздеген оқушы 100 ұпайдан жоғары жинап, ұстаздары мен ата-аналарының үкілі үмітін ақтады. Ал бүгін өңір бойынша ең жоғары ұпай Қазалы ауданында тіркелді.
Нақтырақ айтар болсақ, Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері Нұрболат Жұбатқан 139 балл жинады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!