Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҰЛЫ АУЫСЫМ. Жаһан неден сескенеді?

20.06.2024, 11:20 527

Бала туу көрсеткішінің аздығы – көптеген Еуропа мемлекетін, сондай-ақ, басқа да дамыған елдерді де алаңдатып отырған мәселе. Аталған мәселенің туындауына индустрияландыру, бүтін елдің көзқарасы мен принципінің өзгеруі және биліктің отбасыларға жәрдемінің аз болуы себеп. Соңғы уақыттары әлеуметтік желіде «Ұлы ауысым» түсінігі көп талқыланып жүр. Саясаткерлер мен әлеуметтанушылар да бұл тақырып төңірегінде біраз зерттеу жасап, сауалнамалар жүргізіп жүргені  мәлім.

Қазіргі таңда Еуропаның батыс бөлігі көші-қонды демографияның дамуына балап, құп көріп жүр. Ал Еуропаның шығыс бөлігінде керісінше, өз нәсілінің өлмеуіне, сан мен статистикадан ұлттық мүддені жоғары қоюды мақсат еткен. Бұл ұстанымды Польша, Чехия, Венгрия сынды мемлекеттер ұстанады. «Ұлы ауысым» теориясының негізі де осында жатыр. Қазір бәрімізге белгілі, Франция, Ұлыбритания секілді елдерге көшіп келіп жатқан қаранәсілділер және шығысазиялықтар көп. Яғни, жаппай иммиграцияға еуропалықтардың балалы болу процентінің азаюы үлкен әсер етеді. Ал қаранәсілділер мен Ислам мемлекеттерінде керісінше, бұл тұрғыда мәселе орнықпаған. Расын айту керек, көзі жабық халықта бала туу көрсеткіші әрқашан жоғары дәрежеде болды. Сол себепті Еуропа мемлекеттерінің кей қаласында мигранттардың үлесі өз үлестерінен де асып келе жатыр. Бұл жөнінде жақында ғана Венгрияда конференцияда  қозғалды.

– Кімнің көзі бар, сол бұл мәселенің үлкен тоқырауға әкелетінінен хабардар. Нағыз еуропалықтар, яғни ақ адамдар мен христиандарды жыл санап өзге ұлт өкілдері мен өзге нәсілділер басып келе жатыр. Мысал келтірейік, Амстердамда 56%, Роттердамда 60%, Лондонда 54%, Брюссельде 70% халық мигранттардан тұрады. Тіпті қазірдің өзінде белді қалаларды жат халық жаулаған. Ал бұл мигранттардың көпшілігі басқа еуропалықтар емес, африкандықтар немесе мұсылман халықтары екені анық, – дейді белгісіз саяси белсенді өз баяндамасында.

Ал Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан және оның саяси партиясы бұл мәселенің алдын алу шараларын жасап жатыр. Орбан былай дейді: «Бүкіл Еуропада балалар саны күрт азаю үстінде. Ал олар сонда да миграцияны үдетуді қояр емес. Бұл – нағыз абсурд. Біздің венгр халқында басқаша көзқарас. Біз жай ғана халықтың көбейгенін емес, венгрлердің көбейгенін қалаймыз». Венгрия басшысы өз халқының нәсілінің араласқанын қаламайды. Сол уақыттан бері Венгрия демографиясы біршама пайызға өсті. Дәлірек айтсақ,  2010 жылы елде әр әйел басына  1,25 баладан келсе, араға он жыл салып бұл нәтиже 1,56-ға көбейген.

Әйгілі миллиардер әрі технолог Илон Маск бұл мәселені шешу үшін иммиграцияны азайтудан бұрын бала туу көрсеткішін көбейту керек деген пікір білдірді.

Бүгінде  халық  бөгделердің  билікке  келгенінен  қатты  күдіктенеді. Ұлыбританияның  премьер-министрі – Риши  Сунак,  ұлты – үндіс,  Лондон мэрі – Садик Хан, ұлты – пәкістандық, тағы сол секілді Ирландия, Уэльс билігінен де біршама «ақ емес» адамдарды  кезіктіруге  болады.

Осыдан шамамен 4 жыл бұрын инсайдерлер БҰҰ-ның 20 жыл бұрын жазылған құпия құжатын анықтағаны жайында сыбыс шыққан еді. Бұл қағазда БҰҰ комиссиясы­ның егер Еуропа халқы қартайып, азайған жағдайда басқа мемлекеттерден босқындар тарту жобасы қарастырылған. Мәселен, Франция халқын бірқалыпты ету үшін 2010-2050 жылдар аралығында 5,5 млн адам тарттыру керек екен. Бір қызығы, бұл ақпарат шындыққа жанасатын секілді. Өйт­кені, қазіргі Франция президенті таққа отырғалы Францияға миллион босқын қабылдаған. Мұның өзі 2019 жылғы ақпарат екенін ескерсек, бүгінге дейін мигранттар саны тағы миллионға өсті деп жоспарлауға болады. Бұл құжаттар жайында ашық ақпарат көздерінен  білу  мүмкін  емес.

Алдағы АҚШ президенттік сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткен жағдайда мигранттар саясатына қатаң тыйым салуы ықтимал. Десек те, Джо Байденнің саясатын шектеп, өз саясатын орнату үшін 1-2 жылдан көп  уақыт  керек  екені  айқын.

Сондай-ақ, күресушілер қатарында Италия премьер-министрі Джорджиа Мело­ни де бар. Ол Бельгияның Брюссель қаласындағы жағдайға көмек қолын соза­тындығына уәде берді. Мелониге де бұл қатердің алдын алу қиынға соғатыны анық. Олай дейтін себебіміз, Италия – туристік аймақ, мигранттар үшін таптырмас мем­лекет. Оның үстіне соңғы уақыттары елдегі әр әйелге бала туу көрсеткіші рекордтық 1,24-ке  дейін  түскен.

Қазақстанға әзірге «Ұлы ауысым» идеясы таңсық. Ал бала туу көрсеткіші әйел басына 3,32-ге татиды. Бұл – жақсы, тіпті өзге елдермен салыстырғанда шектен тыс көрсеткіш. Дегенмен де, соңғы кездері елімізге өзге елдерден ЖОО-ын іздеп келетіндердің қарасы қалыңдаған. Бұл – тек Қазақстанда ғана емес, жалпы Орта Азияда орныққан нәрсе. Әсіресе, Үндістаннан келе­тін студенттер­дің саны көп. Алматыдағы Асфендияров атындағы университет, Астана медициналық университеті секілді оқу орындарында шамамен мыңдаған Үндістан, Пәкістан азамат-­азаматшалары білім алып жүр. Әзірге үркитіндей емес. Заңды түрде білім алуға келгендердің бетін қаға алмаймыз. Сонда да, Еуропа мен АҚШ-қа келген қауіп бізден де айналып өтпеуі мүмкін. Қазірдің өзінде сонау Кеңес одағы  кезінен  қалған  орыс халқы немесе немістер де ұлт расасының өзгеруіне ықпал етуі әбден мүмкін. Бұлай деуге себеп, Франция да, Ұлыбритания  да кезінде коло­низация мен депортация кезінен қалған босқындардың ұрпақ таратуы әсерінен нәсіл өзгеру процесіне түсті. Қазақ­стандағы өзге ұлт үлесі де осы жағдай арқылы пайда болды емес пе?

Әлемдегі көші-қон ахуалы осындай. «Ұлы ауысым» расымен БҰҰ жобасы ма, әлде жоқ па, дөп басып айту қиын. Неде болса, Еуропалықтарға өздерінің ұлттық сана-­сезімі бар, шартты түрде оңшыл медиа құрудан бастап, бейбіт, әділ және заңды, қазіргі жағдайда революциялық процестерді бастауға дейін шешуші әрекеттер қажет. Әйтпе­се, АҚШ латындануға ұшырап, Еуро­паның оңтүстігі мен батысына Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың Ислам әлеміне айналу  қаупі  төніп  тұр.

Айтілес  АБАЙҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: