Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев елтаңбаны өзгертуді ұсынып, «Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады» деді. Желіде бұл ұсынысты жақтағандар да, даттағандар да болды. Жақтағандар «Елтаңбадағы жұлдыз кеңес одағының қалдығы» деп жазды. Осы сынға елтаңба авторларының бірі Жандарбек Мәлібеков «Қазақтың өз жұлдыздары болған» деп жауап берді.
Совет өкіметінен бұрын да қазақтың өз жұлдыздары болған. Мысалы, Темірқазық бар. Қазақ халқының түсінігі бойынша әрбір адамның өз жұлдызы бар. Өзбекстан туында мысалы 12 жұлдыз бар. АҚШ туында 50-ден астам жұлдыз бар. Шын мәнінде сараптама керек. Бәрін талқылау керек, – деді ол «Азаттық» радиосына берген пікірінде.
Коллажды жасаған жүктеуші.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!