Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дүниеден өз еркімен кеткен Друнина

29.01.2024, 8:55 368

HALYQLINE.KZ

Совет ақын қызы Юлия Друнина (1944-1991) соғыс басталғанда жасы 18-ге толмаса да, майданға өз еркімен кетіп, соғыс даласынан талай жауынгерді сүйреп дала госпиталіне әкеліп, ажалдан аман алып қалды. Сол ерлігі үшін екі рет орденге ие болды. 1944 жылы өзі жараланып, еліне қайтты. Бірінші күйеуі өзі сияқты ақын Николай Старшинов болды 1946 жылы дүниеге қызы Елена келгенімен, «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» дегендей, екі ақынның дәм-тұзы жараспай ажырасып кетті. Екінші күйеуі «Ленин Октябрьде» және «Ленин 1918 жылы» киносының сценарийін жазған атақты драматург Алексей Капллер болды. Кезінде осы Капллерге Сталиннің қызы Светлана ғашық болғаны үшін әкесінің мұрты едрейіп ашуланғанынан Капллерді 10 жылға Сібірге айдатып жіберген болатын.

Ақын ретінде Юлия Друнина өзі басынан өткерген соғысты, коммунистік партияны жырлады, ең алдымен әйел болғандықтан көптеген лирикалық өлеңдер жинағы шықты. 1985 жылы ел билігіне М.С.Горбачев келгесін Юлия Друнина СССР Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, СССР Жоғары Кеңесінің депутаты болды. Сосын нарықтық экономикаға көшкесін совет елі құрдымға кететіні белгілі болды. Одан ең алдымен халықтың әлсіз тобы – көпбалалы отбасы мен соғыс пен еңбек ардагерлері жапа шеге бастады. СССР-дің депутаты ретінде елді аралап, әсіресе соғыс ардагерлерінің мүшкіл халін көрді, олар кешегі соғыс кезінде қан және термен алған орден мен медальдарын базарға сатуға мәжбүр болды, кейбір ардагердің көшеде қайыр сұрап жүргенін көрген Друнина СССР Жоғары Кеңесінің сессиясында «шырылдап» айтқанмен, «нарық заңы солай» деген жауап алды.

 Сол кезде 1991 жылы тамызда ГКЧП бүлігі болған кезде Ельцин жағына шығып, «Ақ үйді» қорғауға қатысты. Ельциннен де қайыр болмағасын 1991 жылы 21 қарашада саяжайдағы гаражына келіп, «Москвич» машинасының салонына кіріп от алдырып, бір қорап «снатворный» таблеткасының барлығын ішіп, өмірмен қоштасты. Күйеу баласы келгесін есікке қыстырып қойған қолхатты алып оқыды: «Андрюша, еш нәрседен қорықпай гаражды ашып, милицияға хабар бер. Мен ешкімді де айыптамаймын, дүниден өз еркіммен кетіп бара жатырмын». Коммунистік идеологияға Құдайдай сеніп, өз өлеңдерінде коммунистік партияны жырлаған ақын әйел осылайша өмірден түңіліп кетті.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: