Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қытай Халық Республикасына іссапары аясында Нанкин қаласының бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Іс-шара бизнес, қаржы ұйымдары, венчурлік қорлар және сауда қауымдастықтары инвестицияларын тартудың диалог алаңына айналды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы өңір экономикасының басым секторларындағы инвестициялық мүмкіндіктер, сондай-ақ Қызылордадағы Халықаралық бизнес үшін қолжетімді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндама жасады.
«Көріп отырғандарыңыздай, біздің ынтымақтастық алаңы кең! Біз екі өңір арасындағы өзара байланысты арттыруға бағытталған перспективалық жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Мемлекет тарапынан инвесторларға преференциялардың ауқымды түрлері ұсынылады», – деді облыс әкімі.
Қызылорда облысының басым салаларының әлеуеті, Орталық Азиядағы ірі экономикамен ынтымақтастықтың перспективалық мүмкіндіктері іс-шараға қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Шетелдік инвестициялар үшін бәсекелестік артықшылықтар ірі компаниялар өкілдерінің ерекше қызығушылығын тудырды.
***
Сонымен қатар, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру барысында Цзянсу провинциясының губернаторымен келіссөздер жүргізді.
Келіссөздің мақсаты – өңірлер арасындағы экономикалық, іскерлік байланыстарды кеңейту және дамыту, өзара тиімді ынтымақтастық орнату.
Аймақ басшысы облыстың агроөнеркәсіптік кешені, жеңіл өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, оның ішінде шыны, цемент, кальцийленген сода өндірісі, логистика, туризм, мұнай-газ секторы, энергетика және т.б. салалардағы инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Сондай-ақ, инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы баяндады. Қазіргі уақытта көптеген халықаралық компания өнеркәсіптік кәсіпорындарын оқшаулау алаңы ретінде Қызылорда облысын таңдайтынын атап өтті.
Облыс әкімі инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және Меморандумдарға қол қоюға шақырды.
Еске салсақ, ҚР Үкіметі мемлекеттік қолдау ретінде инвестициялық келісімшарт шеңберінде жеңілдіктердің ауқымды пакетін ұсынды. Олар – кедендік баждардан босату, мемлекеттік заттай гранттар, салық жеңілдіктері, инвестициялық субсидиялар. Сондықтан қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен қолдау шараларын алу сүйемелденеді.
Ауқымды және басым жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларға барлық қолайлы жағдайлар жасалады.
Айта кетейік, iссапар барысын Қытайдың орталық телеарналары ақпараттандыруда.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!