6. Қалай болса солай сөйлейтін адамдардан баланы алыс ұстау керек. Өйткені баланы басынан қадағаламасаңыз, көбіне тәрбиесіз, өтірікші, қызғаншақ, тойымсыз, сұқ, мылжың, артық күлетін, қу әрі ұятсыз болады. Әркім өз баласын бұндай нашар мінездерден тек жақсы тәрбие арқылы қорғайды.
7. Бала жақсы адамдардың әңгімелері мен жағдайларын үйренуі керек. Сонда жүрегінде жақсы кісілерге деген сүйіспеншілік орнайды. Бала бұған қоса ұятсыздықты дәріптейтін өлеңдерден, әндерден алыс болғаны жөн. Өйткені бұндай әдебиет баланың жүрегіне жамандықтың дәнін себеді.
8. Баладан жақсы қылықтар байқалса, сол үшін баланы марапаттаған дұрыс. Баланы ондайда қуанту керек. Елдің көзінше сол әрекетін айтып, оны мақтаған жөн.
9. Егер кей жағдайларда бала қателік жіберсе, көз жұмып қараған да дұрыс. Баланы ұятсыздыққа итермелемеу керек, айыбын әшкерелемеген жөн. Әсіресе, бала ол қылығын жасырғысы келсе. Кері жағдайда бала қателікті ашық жасаудан қымсынбайтын болады.
10. Балаға жиі-жиі ұрысқан дұрыс емес. Өйткені көп ұрысу ұрыстың әсерін жояды. Нашар қылыққа баруды оған жеңіл етіп көрсетеді. Айтудың оның көңіліне әсері болмай қалады. Әке баламен сөйлескендегі сұсын сақтауы тиіс. Осы себепті баланы анда-санда ғана ұрысу керек. Ана болса, балаға әкесіне деген құрметті үйретіп, нашар қылықтардан алыс ұстағаны мақұл.
Жалғасы бар…
1-бөлім: https://halyqline.kz/?p=58390
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!