Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыздықтың жолы кесілді немесе қатерлі құбылысқа тосқауыл

20.01.2023, 10:20 248

Сәрсенбі күні Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Сапарғалиұлы өңірлік БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Онда өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар және қызметтер барысы айтылды. Облыстағы экономикалық және қаржылық бұзушылықтардың алдын алуда, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауда және аймағымыздың дамуына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан департамент басшылығы 4 бағытқа қарастырып, атқарылған жұмыстары бойынша жеке-жеке тоқталып өтті. Айта кететін болсақ, «Жалған мәміле жасап, қаражатты қолма-қолға айналдыру фактілері», «Мұнай өнімдерін заңсыз өткізудің 2 фактісі бойынша», «Бюджеттік несие бағдарламасынан қаражат жымқырудың 2 фактісі бойынша», «Заңсыз ойын бизнесіне қатысты 2022 жылға шолу және жаңа сот шешімі» тақырыптары аясында атқарылған жұмыстарда туындаған негізгі мәселелері мен шығарылған нәтижелер туралы баяндама жасалды.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен аяқталған шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену және өткізуге қатысты қылмыстық істің қорытындысы бойынша тергеу барысында анықталғандай, кәсіпкер М.Д. 2017 жылдан бастап өз кәсібін жүргізе отырып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ондаған мекемемен дизель сұйық отынын жеткізіп беруге келісімшартқа отырған.   Алайда, заңды қызметі аясында,  2019 жылдан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта 28 мемлекеттік мекемеге, 1 заңды тұлға мен 2 жеке тұлғаға  заңсыз жолмен, яғни заңдылығын растайтын құжаттарсыз жалпы сомасы 274 млн 036 мың теңгенің  дизель сұйық отынын тасымалдап, заңсыз жолмен табылған мүлікті заңдастырған.

       Бұл заңсыз  іс-әрекет  ҚР ҚК-нің 197-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз аса ірі мөлшерде және бірнеше рет тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) және 218-бабы 3- бөлігінің 3) тармағымен (қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру) сараланды.

       Сотқа қылмыстық іс түскеннен кейін сотталушы М.Д. кінәсін толық мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісім жасауға өтініш білдірген. Сонымен қатар, өз кінәсін толықтай мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірген және тағайындалған жазамен келіскен.     Жалағаш аудандық сотының үкімімен М.Д.-ға 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және осы уақытқа пробациялық бақылау белгіленді, – деді Бақыт Қайшыбеков.

Сонымен қатар, несие алуға үміткер тұрғаларға несие серіктестігін құру арқылы 5 жылдан аспайтын несие қаражатын рәсімдеп бергені үшін облыстық экономикалық тергеу органы жедел іс жүргізу барысында жалған құжаттар ресімдеу жолымен жасалған қылмыстық әрекеттерге, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген тұлғаларды анықтап, тергеуі аяқталған қылмыстық істер сотқа жолданған. Аяқталған қылмыстық істер бойынша залал мөлшері 316 млн теңгені құрады, сотқа дейінгі тергеу барысында 124 млн теңге өндірілді. Бірнеше заңсыз іс бойынша 168 жеке тұлға зардап шеккен. Бұдан бөлек, заңсыз ойынға қатысты қылмыстар ел экономикасына залал ғана емес, жастардың құмар ойындарға әуестігі әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Бұл тұста департаменттің тергеп-тексеруі барысында 2022 жылы облысымызда 18 заңсыз ойынды әшкерелеп, жабылуына себеп болған. Департамент басышысының айтуынша, заңсыз ойын айналымынан 1 ойын рулеткасы, 1 ноутбук, 103 монитор, 123 процессор, 6 телевизор, 14 кассалық аппарат, 10-терминал, 6-бейне жазғыш және 795 920 теңге ақша алынған.

Сондай-ақ, соңғы бағыттағы қылмыстық іс жалған мәміле таратып, қаражатты қолма-қолға айналдыру фактілері бойынша өткен жылы өңірімізде 8 қылмыс болған, барлығы да жедел жолмен тіркелген, аяталған қылмыстық істер бойынша мемлекет бюджетіне  келтірілген залал мөлшері – 1 млрд 73 млн теңге. Салықтық әкімшілендіру жолымен 500 млн теңгеге  жуық қосымша есептелген. 

2018-2021 жылдар аралығында жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан «Жетіашар» ЖШС-нің басшысы И.А. оннан аса фирманы осындай әрекетке тартқан, әр мәміле бойынша қолма-қолға айналдырылған сомадан белгілі бір пайыздық мөлшерде сыйақы алып отырған. Бірнеше кәсіпкерлік нысанның, салықтан жалтару мақсатында, әртүрлі тауарларға есеп айырысқаны  жөнінде қосымша құн салығы көрсетілген жалған шот-фактураларының айналым сомасы 370 млн теңгеге жеткен, төленбеген салық түрінде барлығы 118 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтірілген. Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен, И.А. ҚР ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды. Сондай-ақ, осындай бірқатар мекеме, компания басшылығы жалған шот-фактуралар жазумен айналысқаны дәлелденіп, сот  үкімі бойынша берілген жазаға тартылуда, – деді Бақыт Сапарғалиұлы.

Сонымен бірге, осындай қылмыстық істердің алдын алу үшін БАҚ өкілдерімен жиі кездесу ұйымдастырып, облыстағы мектеп, орта және жоғары оқу орындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы дәріс өтіп жатқандарын да тілге тиек етті. Бұл төрт бағыт бойынша жасалған қылмыстық істердің барлығы аймағымыздың әлеуметтік жағдайы мен зорлық-зомбылық мәселелеріне әкеліп соқтыратыны анық. Дегенмен де, облыстық экономикалық тергеу департаменті дер кезінде қимылдап, біршама заңбұзушылықтың басын ашып, ел экономикасы мен тұрғындарымыздың амандағына себепші болып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: