Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі Сыр беткейі халқымен кездесті

14.11.2022, 10:00 193

Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов Жетес би, Аманөткел және Қосжар ауылдық округтерінде халықпен кездесіп, жергілікті жердегі өзекті мәселелерді тыңдады.

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде аудан басшысы өлкедегі оң өзгерістерге тоқталып, алдағы жоспарлармен де бөлісті. Президент тапсырмасына сәйкес, негізгі жұмыс халықты қажетті инфрақұрылыммен, яғни ауыз су, электр энергиясы, жолмен қамтамасыз етуге бағытталғанын айтып өтті.

Экономикалық-әлеуметтік даму динамикасы бойынша 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен Арал ауданы облыста алдыңғы орынға тұрақтаған. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер толық орындалған. Ауылшаруашылығын дамытуға арналған Жол картасы бекітіліп, егін, егуге айрықша мән беріліп, мал және балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан белгіленген субсидия берілуде екендігін жеткізді. Аудан әкімімен өткен кездесуде Жетес би ауылдық округі, Ескұра ауылының тұрғындары интернет сапасын арттыру бойынша ұсыныс көтерді. Өз кезегінде Серік Сағитжанұлы бұл мәселе назарда екендігін, ол үшін тиісті мекемелермен жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Ал Қосжар халқы 2 шақырым болатын ауылішілік автомобиль жолының қажет екендігін айтты. Аудан әкімі аталған нысан бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленгендігін жеткізіп, жол мәселесінің тез арада шешу бағытында тиісті шаралар атқарылып жатқандығын айтты.

Аққұлақ ауылының тұрғындары аудан әкімімен кездесуде жол мәселесін көтерді. Ұзақ уақыт халықтың қатынауына қиындық тудырған елді-мекенге кіре беріс, 8 шақырым жол мәселесі жақын арада шешімін таппақ. Автомобиль жолы құрылысын жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталу жоспарлануда деді аудан әкімі. Аудан әкімі Серік Сермағамбетов жұмыс сапары барысында ауыл халқымен кездесіп, олардың түйткілді деген мәселелерін тыңдап, елді-мекендердегі әлеуметтік нысандардың жұмыс барысын саралады. Халық үшін қажетті деген ғимараттардың тоқтаусыз жұмыс ітсеуін, оның ішінде білім беру мен медициналық орталықтардың қысқы маусымда отын қорымен толық қамтамасыз етілуін тиісті бөлімдерге тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: