Қызылордада «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген 1 азаматша анықталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
11 қараша күні рейд барысында облыс орталығында сауналардың бірінде меңгерушісі пайдакүнемдік мақсатта келген тұтынушыларға жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Шара барысында Қызылорда облысы ПД-нің қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар жүргізіліп, қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 18 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсынудың 2 дерегі анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 450-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!