15 қазан күні «QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығында «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында жастар мен жас отбасылар облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің меңгерушісі Әлима Жақыпқызымен кездесті.
Кездесу барысында отбасының маңызды сипаты, құрылымы, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы жайында сөз қозғалды. Шара жоғары деңгейде, қызықты өтті. Жас отбасыларға арналған кездесу психологиялық семинар-тренингке ұласты. ҚР психологтар қауымдастығының мүшесі, «Бітім-Медиация» орталығының психолог маманы Назира Аймаханова еркін форматта жастар мен жас отбасыларға арналған семинар-тренигті жүргізіп, отбасы туралы көптеген тың ақпараттар беріп, сергіту сәтінде қызықты ойындар ұйымдастырды. Тренинг соңында Назира Кенжебекқызы белсенді қатысушыларға өзінің жеке қабылдауына сертификаттар табыстады. Тренинг қатысушылардың көңілінен шықты.
Одан кейін «Жас отбасыларды қолдау» әлеуметтік жобасы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестінің ұйымдастыруымен ЖОО және ОАО оқу орындарының жас отбасылары арасында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті психолог-маман, тренер Сымбат Абдрахманова жүргізді. Аталмыш шара барысында отбасыдағы қарым-қатынас және бала тәрбиесі жайында сөз қозғалып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Бекен Жамбылов,
«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!